«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Көкшетауда құрылыс саласының мәселелері талқыланды

2025 жылғы 22 Қыркүйек
- Ақмола облысы
402 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының мүшесі, Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының м.а. Ирина Манжанова, ҰКП салалық департаментінің басқарушы директоры Данияр Молкенов, комитет мүшелері, бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қазіргі кезде құрылыс секторының дамуын тежейтін негізгі мәселелер көтерілді. Айтар айтқанда, қаржылық қиындықтар, құрылыс материалдарына бағаның өсуі, тұрғын үйге сұраныстың төмендеуі, энергия қуатының тапшылығы және білікті кадрлардың жетіспеуі. Қосымша кедергілерді бюрократиялық рәсімдер жасайды. Олар техникалық шарттарды алу, жер бөлу мәселелері, цифрлық сервистер және мемлекеттік сатып алу порталына қатысты проблемалар, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманың жетілдірілмеуі.

«Бұл түйткілді мәселелер комитеттің назарында. Салаға даму стратегиясының болмауы, уақтылы қаржыландырудың аздығы, цифрландырудың әлсіздігі, баға белгілеудегі бұзушылықтар, мемлекеттік тапсырыстарды іске асыру кезіндегі жобалау жұмыстарының дағдарысы және ЖАО-ның жер беру туралы бұрын қабылдаған шешімдерінің күшін жою да әсер етеді. Сондықтан біз жергілікті жерлердегі нақты проблемаларды көру үшін өңірлерге барамыз», - деп атап өтті Ирина Манжанова.

Құрылыс саласы жайлы қалалық ортаны қалыптастыру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және заманауи инфрақұрылымды құруда шешуші рөл атқаратын өңірдің ерекшелігіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу порталындағы депозитарий арқылы жұмыс тәжірибесін растау мәселесін Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ салалық кеңесінің төрағасы Мұхтар Есенов айтты.

«Енді жұмыс тәжірибесі тек қазынашылық арқылы расталады. Құжаттар электронды депозитарийге жіберіледі, бірақ жүйе шамадан тыс жүктелген. 10 файлдық шектеу, қолмен тексеру және айлар бойы кідірістер. Бұл жайттан компаниялар 5%-ға дейін жеңілдіктер жоғалтады, конкурстардан бас тартады. Әсіресе шағын және орта бизнеске қиын», - деп атап өтті Мұхтар Есенов.

Сапасыз жобалау-сметалық құжаттама мәселесі өзекті болып қала береді. Мердігерлер өздері анықтаған құрылыс нормаларына сәйкессіздіктер тапсырыс берушілердің реакциясынсыз қалатын жағдайға жиі тап болады.

«Тапсырыс берушілер жобалаушылар мен сарапшыларды жауапқа тартпайды, бірақ тәуекелдерді мердігерлерге жүктейді – оларды жосықсыз деп тануға дейін барады. Нәтижесінде компаниялар басқалардың қателіктері үшін жауап береді, бұл мемлекеттік сатып алулардағы заңдылық пен әділдікке нұқсан келтіреді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады», – деді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Валентина Геращенко.

2024 жылдан бастап елімізде құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша тендерлердің жеңімпаздарын рейтингтік-балдық жүйе айқындайды. Алгоритм сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоққа шығаруы керек еді, бірақ іс жүзінде жаңа олқылықтар пайда болды.

«Жасанды интеллект тендерлердегі сыбайлас жемқорлықты жоққа шығаруы керек еді, бірақ адамдар жүйені алдауды үйренді. Есептерге жалған нысандар кіреді немесе өздерін қазірдің өзінде салынғандарға жатқызады, ал тәжірибесі жоқ компания жеңімпаз болады», – деп атап өтті ӨКП директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мынадай келісімге келді: бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға, құрылыстағы реттеуді оңтайландыруға, сондай-ақ нормативтік актілер жобаларына сараптамалық қорытындылар дайындау кезінде кәсіпкерлердің позициясын шоғырландыруға бағытталған шаралар кешені қажет.

«Біз өңірдің құрылыс саласы жобалық құжаттаманың тәжірибесі мен сапасын растаудан бастап цифрландыру мен мемлекеттік сатып алуға дейінгі бірқатар жүйелі кедергілерге тап болып отырғанын көріп отырмыз. Бұл мәселелерді жеке шешу мүмкін емес, кешенді тәсіл қажет. Өңірлік палата бизнестің шоғырландырылған ұсыныстарын әзірлеу алаңына айналуға дайын», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174