СНР-дің 2%-ға дейін төмендеуі: Өскеменде салық мөлшерлемесі бекітілді
Өскемен қаласы әкімі Алмат Ақышовтың, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, бизнес өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен депутаттардың қатысуымен өткен жиында маңызды шешім қабылданды – 2026 жылдан бастап шағын бизнес үшін арнайы салық режимінің (АСР) мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілетін болды.
Бұл шешім шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіпкерлік қауымдастық пен мемлекеттің белсенді диалогының нәтижесі болып отыр.
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов атап өткендей, бөлшек сауда салығының мөлшерлемесін бұған дейін төмендету бюджетке түсімдердің өсуіне және салық төлеушілердің көбеюіне ықпал етті.
«Осындай үрдісті әрі қарай да сақтап қалу қажет», – деп қолдау білдірді қала басшысы.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев өз сөзінде атап өтті:
«АСР мөлшерлемесінің төмендеуі – шағын бизнес үшін елеулі қолдау. Өсіп келе жатқан бәсекелестік пен экономикалық сын-қатер жағдайында бұл шара кәсіпкерлерге өздерін сенімді сезінуге, бизнесті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді».
АСР мөлшерлемесінің төмендеуі тек салықтық жүктеменің азаюын ғана емес, сонымен қатар бизнестің «көлеңкеден шығуына», тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің көбеюіне және олардың инвестициялық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қосымша ынталандыру болмақ.
Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, осындай тәсілді барлық аудандарда да қолдануға болады, егер кәсіпкерлік қауымдастық бірігіп, өз қажеттіліктерін нақты айқындай білсе.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: