«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астанада «Адал Азамат – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

2025 жылғы 22 Қазан
386 просмотров

Елордада «Адал Азамат – 2025» құрметті атағын беру бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Республикалық комиссиясының қорытынды отырысы өтті. Бұл марапат қоғам мен экология алдындағы жауапкершілік қағидаттарын ұстана отырып, өз ісін ашық әрі адал жүргізіп жүрген кәсіпкерлерді біріктіреді.

Конкурсқа қатысушылар қатал іріктеуден өтті. Үміткерлердің мінсіз іскерлік беделі, салық қарыздарының, еңбек даулары мен заңбұзушылықтарының болмауы талап етілді. «Адал Азамат» – бұл тұрақты даму жолын таңдаған, бизнестің табысты ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар сала екенін дәлелдеген кәсіпкерлерге көрсетілетін құрмет.

Биыл байқауға altynsapa.kz сайты арқылы 34 онлайн өтінім келіп түсіп, 31 кәсіпорын қарауға жіберілді. Оның ішінде 15 – микро және шағын бизнес субъектісі, 8 – орта бизнес, 1 – қатысудан бас тартты, 7 – құжаттарын ұсынбады.

 

«Адал Азамат – 2025» байқауының жеңімпаздары:

  • Экологиялық және әлеуметтік волонтерлік – «EcoMadeniet» ЖШС (жоба жетекшісі Айман Сексенова);
  • Биоалуантүрлілік – «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» ЖШС (жет. Сымбат Әнуарбеков);
  • Туризм және спорт – «Төлеген Санаторий» ЖШС (жет. Бақытжан Төлегенов);
  • Жауапты өндіріс пен қызметтер (орта бизнес) – «Идеал Туркестан» ЖШС (жет. Шамшиддин Айметов);
  • Жауапты өндіріс пен қызметтер (орта және ірі бизнес) – «Qaz Granit» (City Stone) ЖШС (жет. Шолпан Әбдіхалықова);
  • Қалдықтарды тазарту және қайта өңдеу – «Орал Таза Сервис» ЖШС (жет. Азамат Бисенов);
  • Білім беру – «Ақбөбек» Оңалту Орталығы» ЖШС (жет. Күлпаршын Айдарханова)

 

Конкурс жеңімпаздары экологиялық таза технологияларды енгізіп, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысатынын, қайырымдылық және волонтерлік жобаларды жүзеге асыратынын, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көмектесетінін атап өткен жөн.

Республикалық комиссия құрамына «Атамекен» ҰКП, Мәжіліс депутаттары және мемлекеттік органдардың «Respublica» партиясының өкілдері және қоғам қайраткерлері кірді. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы аясында өтеді.

«Атамекен» ҰКП Комиссия мүшелеріне отырысқа белсенді қатысып, үміткерлерге әділ баға бергені және қорытынды шығаруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174