«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөлімі заңнаманы бұза отырып жүргізілген 264 профилактикалық бақылаудың нәтижелерін жоюға қол жеткізді

2025 жылғы 19 Қараша
- Алматы қаласы
325 просмотров

Алматы қаласының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына 2024 жылы аудандық Төтенше жағдайлар басқармалары тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тәртібінің жүйелі түрде бұзылуына байланысты кәсіпкерлер мен инвесторлар өтініш білдірді.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабы 3-тармағына сәйкес, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғалары профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, сондай-ақ Кодексте және (немесе) өзге де заңдарда белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға міндетті.

Сонымен қатар, Кодекстің 144-бабы 3-тармағына сәйкес, бақылау органы кәсіпкерлік субъектісіне профилактикалық бақылаудың басталуы туралы нақты күні көрсетілген жазбаша хабарламаны кемінде отыз күн бұрын жолдауы тиіс.

Алайда бұл талаптар сақталмаған. 2024 жылы аудандық ТЖБ бөлімшелері 264 профилактикалық бақылау, оның ішінде 7 инвесторға қатысты, хабарламада көрсетілген мерзімдерде емес, сондай-ақ кәсіпкерлерді бақылаудың нақты басталуы туралы құлақтандырмай жүргізген.

Кодекстің 156-бабына сәйкес, мұндай профилактикалық бақылаулар елеулі заңбұзушылықтармен жүргізілгендіктен жарамсыз деп танылады. Хабарламаудың немесе хабарлама мерзімдерін сақтамаудың өзі — Кодекстің өрескел бұзылуы болып табылады және бақылау актілерін, қызметті тоқтату туралы актілерді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды жоюға негіз болып табылады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөлімінің жұмысының нәтижесінде:
    •    264 профилактикалық бақылаудың нәтижелері жойылды,
    •    68 нұсқама күшін жойды,
    •    Алматы қаласы ТЖД-ның 3 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл кейс кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудағы тиімді жұмыстың және мемлекеттік органдар тарапынан профилактикалық бақылауларды заң аясында жүргізу тәжірибесін қалыптастырудағы маңызды қадамның айқын дәлелі болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174