«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП және ҚазЭПИ басшылығы Шымкенттегі ірі машина жасау өндірісімен танысты

2025 жылғы 15 Тамыз
- Шымкент қаласы
122 просмотров

«Атамекен» ҰКП және ҚАЗЭПИ жетекшілері ҚР Энергожөндеу, жобалау, инженерлік компаниялар мен энергетикалық жабдықты өндірушілердің қауымдастығы мүшелерінің – жетекші отандық тауар өндірушілердің өндірістік алаңдарымен танысуды жалғастыруда.

Жуырда «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі, Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық департаментінің директоры Жақып Хайрушев пен Қауымдастық төрағасы Сергей Агафонов Шымкентке жұмыс сапарымен келіп, жергілікті ірі машина жасау кәсіпорны «Karlskrona LC AB» зауытының жұмысымен танысты.

Еліміздегі машина жасау саласындағы іргелі кәсіпорынның бірі саналатын Карлскрона зауыты – жоғары технологиялы өнімдер шығаратын бірегей өндіріс орны. Мұнда сорғылар, электртехникалық жабдықтар, блокты-модульдік құрылғылар мен стандарттан тыс техникалар дайындалады. Әр өнім өндірістік толық циклдан өтеді, механикалық жолмен өңделеді.

«Біздің бұл сапарымыздың мақсаты – отандық өндіріспен кеңірек және жақыннан танысу. Мемлекетімізде бүгінде жүзеге асырылып жатқан бағдарлама аясында отандық тауарөндірушілерге қолдау көрсету. Әрі осындай өндірістердің өзімізде де бар екенін қазақстандықтарға жеткізу. Біздің пікірімізше, мұндай өндіріс орындары әлемдік ірі компаниялармен бәсекеге түсе алады», – дейді «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі, Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық департаментінің директоры Жақып Хайрушев.

Айта кетейік, «Karlskrona LC AB» зауыты – Түркияда салынып жатқан «Аккую» АЭС үшін сорғы жабдығын жеткізетін бірегей компания.

Бұл зауытта шығарылатын техникалар мен бұйымдар ел нарығынан бөлек шетелге де экспортталады. Атап айтқанда Түркия, Үндістанға жіберіледі. Компания өнімдері мұнай-газ, тау-кен, атом өндірісі, ауыл шаруашылығы мен коммуналды салада кеңінен қолданылады. 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорынның өндірісі халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген.

Өндіріс орнын аралау барысында кәсіпорынның оффтейк-бағдарламаларға және мемлекеттік қолдау құралдарына қатысуы, квазимемлекеттік секторда отандық өнімді пайдалануды кеңейту, энергия тиімділігі және өндірістік циклге заманауи технологияларды енгізу әлеуеті және экспортты дамыту сияқты мәселелер талқыланды.

Мамандардың пікірінше, мұндай іс-шаралар – Ұлттық палата отандық тауарөндірушілерді қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан тиімді құралдардың бірі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174