«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарағанды облысында арнаулы салық режимінің мөлшерлемесі 2 пайызға дейін төмендетілді

2025 жылғы 28 Қараша
- Қарағанды облысы
395 просмотров

Қарағанды облысының барлық қалаларымен аудандарында мәслихаттар қарапайымдекларация негізіндегі арнаулы салықрежимінің (АСР) мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Жаңамөлшерлеме 2026 жылдың 1 қаңтарынанбастап күшіне енеді.

Осылайша, биыл жергілікті өкілді органдар бизнеске тағы да қолдау көрсетіп, мөлшерлемені 2% деңгейінде сақтап қалды. Бұл — 2022 жылы қабылданған шешімнің жалғасы, сол кезде де дәл осы мөлшерлеме тиімді болып, кәсіпкерлердің оң бағасын алған еді.

29 қазанда өткен Кәсіпкер күні осы мәселенің қаралуына басты негіз болды. Іс-шара барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев алдағы салықтық өзгерістерді ескере отырып, АСР мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету жөніндегі ұсынысты көпшілік алдында жария етті.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастық атынан мәслихат депутаттары мен облыс басшылығына бұл бастаманы қолдап, шешімді жедел қабылдағаны үшін алғыс білдіреді. Бұл кәсіпкерлерге алдағы заңнамалық өзгерістерге алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.

2026 жылдан бастап маңызды өзгерістер күшіне енеді:

— ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға дейін көтеріледі;

— ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК-ке дейін төмендейді.

Бұл түзетулер шағын бизнеске тікелей әсер ететіндіктен, АСР мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету — өтпелі кезеңді жеңілдетуге және кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды қадам.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қарапайым декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынатын қызмет түрлерінің тізімін бекітті. Тізімге 44 санат, оның ішінде 185 ЭҚЖЖ коды енгізілген.

Тізімге кіретін кәсіпкерлерге өз қызметін алдын ала талаптарға сәйкестендіріп, жаңа салық режиміне көшуге дайындалу ұсынылады.

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы өңірде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай қалыптастыру жөніндегі жұмысын жалғастырып келеді.

Мекенжай: Қарағанды қ., Тәттімбет көш., 709, Мемлекеттік және сервис қызметтері орталығы, 2-қабат

Тел.: 8 712 504 055

Email: karaganda@atameken.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174