Ел мойындаған еңбек: Астанадағы Өскемен ЖЭО-на берілген марапат
Астанада «Алтын Сапа» сыйлығының үміткерлерін марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздардың қатарында алғаш рет қатысу тарихында бірден екі марапатқа ие болған Өскемен жылу электр орталығы да бар.
«Парыз» конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша қола жүлдені ЖЭО бас директоры Данияр Нұғуманов иеленді.
2024 жылы кәсіпорын газ тазарту және су тазарту қондырғыларын салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және күтіп-ұстауға 346,3 млн теңге бағыттады. Бұл инвестициялар жабдықтарды жүйелі түрде жаңғырту мен экологияға жауапкершілік компания саясатының ажырамас бөлігі екенін дәлелдейді.
Республикалық «Кәсіби маман» байқауының «Өндірістегі үздік тәлімгер» номинациясы бойынша екінші орынды қазан жабдықтарының аға машинисті Ернұр Токушев алды. Сонымен қатар, ол кәсібіне адалдығы үшін «Іске адалдығы үшін» медалімен марапатталды. Ернұр Токушев бұл марапатқа ие болған ең жас тәлімгер атанды.
Ернұр Токушев Өскемен ЖЭО-да 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол насос тобының мотористінен бастап қазан жабдықтарының аға машинисті деңгейіне дейін өсті, сондай-ақ қазан цехы бастығының орынбасары міндетін атқарды.
Еңбек жолында ол қазан цехының сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті; штаттан тыс жағдайларды азайтты, жабдықтардың тиімділігін арттырды, өндірістік процестердің қауіпсіздігін жақсартты, қазан цехы жабдығы бойынша анықтама және қазан агрегаттарын пайдалану жөнінде әдістемелік құрал әзірледі, бұл жаңа қызметкерлердің тез бейімделуіне ықпал етеді, тәлімгерлікті белсенді дамытып, жас мамандармен тәжірибе бөліседі, еңбек өнімділігін арттыру және ұжымды жастармен толықтыру бастамаларын енгізіп, жылу беру маусымында станцияның тұрақты жұмысына үлес қосты.
Осы еңбегінің арқасында Ернұр Токушев аймақтық және республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы атанған: 2025 жылдың маусымында ШҚО бойынша «Өндірістегі үздік тәлімгер» және 2024 жылғы «JAS KEÑES SIYLIĞI» сыйлығы.
Республикалық деңгейдегі қос жеңіс – бұл ұжымның кәсібилігін мойындау және компанияның техникалық, экологиялық және кадрлық стандарттарды жақсарту саясатының нақты нәтижелер беретінінің дәлелі.
Өскемен ЖЭО ұжымы атынан алғыс сөздері айтылды:
«ШҚО Кәсіпкерлер палатасына жан-жақты қолдауы және 24/7 тәртібінде ынтымақтастыққа дайын болғаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл жетістік – ортақ еңбегіміздің жемісі», – деп атап өтті кәсіпорын өкілдері.
Өскемен ЖЭО, Данияр Нұғумановты және Ернұр Токушевті лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!


Пікір қалдыру:
Пікірлер: