«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

2026 жылғы 06 Қаңтар
- Түркістан облысы
171 просмотров

2025 жылы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімі кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізді. Жыл қорытындысы бойынша атқарылған іс-шаралар нақты көрсеткіштермен, қорғалған мүліктік құқықтармен және шешімін тапқан жүйелі мәселелермен айқындалды.

Кеңес жұмысы: жүйелі мәселелер – нақты шешімдер

2025 жылы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес 11 отырыс өткізді. Оның ішінде:
    •    Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданында кәсіпкерлік нысандарын аралаумен өткен 2 көшпелі отырыс;
    •    Түркістан облыстық «Аманат» партиясымен бірлескен 1 отырыс ұйымдастырылды.

Кеңес отырыстарында бизнестің жүйелі сипаттағы 28 мәселесі қаралып, кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларын жақсартуға және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған 112 ұсыным әзірленді.
Ұсынымдардың 101-і (90,2%) толық орындалып, оң шешімін тапты, ал 11 ұсынымның қаралуы жалғасуда.

Кеңес ұсынымдары негізінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, Түркістан қалалық мәдениет үйінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Кәсіпкерлердің өтініштерімен жұмыс

2025 жылы бөлімге кәсіпкерлерден 170 өтініш түсті, оның 66-сы eOtinish жүйесі арқылы жолданған.
Қаралған өтініштер саны – 151, оның ішінде 60-ы eOtinish арқылы.

Нәтижесінде:
    •    81 өтініш (48%) кәсіпкерлердің пайдасына шешілді;
    •    eOtinish жүйесі арқылы түскен өтініштердің 30-ы (46%) оң нәтижемен аяқталды.

Сонымен қатар:
    •    Мемлекеттік органдарға 580 ресми сұраным жолданды;
    •    Палата өкілдерінің қатысуымен 34 сот ісі өтті.

Нақты кейстер: құқықты қорғаудың тиімді тетіктері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі №501 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік сатып алудың жоспарсыз қатысушылары тізілімінен шығару мақсатында құрылған келісім комиссиясының құрамына Палата өкілдері енгізілді.
Нәтижесінде 5 кәсіпкер («Бекарысстрой» ЖШС, «DanAia» ЖШС, «KAZ ELIT STROY» ЖШС, «Forum Stroy» ЖШС және «Farab street» ЖШС) мемлекеттік сатып алудың жоспарсыз қатысушылары тізілімінен шығарылды.

Тағы бір маңызды кейс — Түркістан қалалық мәдениет үйімен байланысты мемлекеттік сатып алу саласындағы даулы жағдай. 2024 жылы кәсіпкерлермен жалпы сомасы 177 129 500 теңгеге келісімшарттар жасалғанымен, тапсырыс беруші төлем міндеттемелерін орындамаған.
Мәселе Кеңес отырысында қаралып, жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде кәсіпкерлер алдындағы берешек 2025 жылғы 13 ақпанда толық өтеліп, олардың мүліктік құқықтары қалпына келтірілді.

Бизнесті сот арқылы қорғау

2025 жылы Палатаға кәсіпкерлік субъектілерінен 34 өтініш түсіп, Палата қызметкерлері сот процестеріне өкіл ретінде қатысты.
Нәтижесінде 15 іс бойынша 432 466 851 теңге сомасына кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды.

Қорғалған мүліктік құқықтардың жалпы көлемі

Жалпы алғанда, бөлімнің кешенді жұмысының нәтижесінде 2025 жылы кәсіпкерлердің 1,1 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік құқықтары қорғалды.
Оның ішінде:
    •    711 779 121 теңге көлемінде залал өтеліп, негізсіз шығындардың алдын алу қамтамасыз етілді;
    •    432 466 851 теңге – сот арқылы қорғалған қаржылық мүдделер;
    •    177 129 500 теңге – мемлекеттік орган тарапынан берешек толық өтелді.

«Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкердің құқығын қағаз жүзінде емес, нақты істер арқылы қорғау. Әрбір шешілген мәселе, әрбір қайтарылған қаражат – бизнестің мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған нақты қадам», – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің 2025 жылғы қызметі кәсіпкер құқығын қорғау тек декларациямен шектелмей, нақты нәтижелермен жүзеге асатынын көрсетті. Мемлекеттік органдармен жүйелі өзара іс-қимыл, соттағы белсенді өкілдік және қоғамдық бақылау тетіктерін пайдалану арқылы өңірдегі бизнес ахуалды жақсартуға елеулі үлес қосылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174