«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру құралдарының жаңа толқыны

Агроөнеркәсіптік кешенді және экономиканың басқа да шағын секторларын қаржыландырудың жеткіліксіздігі Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежеп отыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімдері «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде олқылықтардың орнын толтырып, «Бастау Бизнес» түлектеріне «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6%-бен несие алуды ұсынады.  Несие шартында негізгі борышты және сыйақыларды қандай да бір комиссиясыз қайтару бойынша жеңілдікті кезең қарастырылған. Ол үшін өңірлерде микроқаржыландыру ұйымдары құрылды, ондағы мамандар «Бастау Бизнес» түлектеріне несие алу шарттары бойынша кеңес бере алады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің төрағалығымен өткен 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 07-952 хаттамалық шешімімен Ұлттық палатаға өңірлерде шағын қаржыландыруды құру және дамыту жөнінде тапсырма берілді.

 Аталған тапсырманы орындау үшін өңірлерде құрылтайшылар ретінде кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен микроқаржы ұйымдары құрылды.

  «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес микроқаржылық қызметті іске асыруға лицензия алу үшін құрылатын ұйымның жарғылық капиталының мөлшері оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде 100 млн теңгені құрады:

 -жергілікті атқарушы органдар/ӘКК үшін 49 млн теңге;

-кәсіпкерлік палаталары үшін 51 млн теңге.

  1. микронесие мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобаларға несие мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
  2. микро несиенің ең жоғары сомасы:

- ауылдық елді мекендер (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі-АЕК) дейін;

-қалалар, моноқалалар (Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 (алты жарым) мың АЕК-ке дейін;

Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 (сегіз) мың АЕК-ке дейін;

  1. сыйақы мөлшерлемесі – жылдың 6%-дан артық емес;
  2. МҚҰ «Еңбек» бағдарламасына қатысушының микронесие бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің несиелеріне байланысты қандай да бір комиссия, алым және/немесе басқа да төлемдерді ұстамайды.

       

Облыс

Мекенжайы, байланыс

1

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы, 35 ы/а, Кәсіпкерлер палатасының ғимараты №2, 214-кеңсе, тел:  8 (729)2 30 46 46

2

Жамбыл облысы

Тараз қаласы, Абай д-лы 127, тел: 8 (701) 222 45 30

3

Қостанай облысы

Қостанай қаласы, Әл-Фараби д-лы, 116, тел: 8 (7142) 39 29 20

4

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы, Құрылысшылар д-лы, 4-үй, 405-каб. 405, 405/1, тел: 8 (7212) 400966, 505051

5

Павлодар облысы

 Павлодар қаласы,  Луговая к., 16, тел: 8 (7182) 660311, 654411, 654412,

6

СҚО

Петропавл қаласы, Сүтішев к., 60, тел: +7 702 222 2533, 8 (7152) 503615

7

Ақмола облысы

Көкшетау, Абай 96, Greenwich БО тел: 8(7162)722548

8

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр д-ды 22 , «Қазына», тел: 8 (7132) 744-607

9

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, С. Қожанов к., 42, тел: 8 72533 5 98 98

10

Шымкент қаласы

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, мкр. «Солтүстік-Шығыс» д-лы, Ерімбетов к., 304г, «Занғар» БО, тел: 8(7252) 394977, +7 7013429955

11

Алматы облысы

Талдықорған қаласы, 8 ы-а, 2 нысаны А,  Көрме орталығы, тел:+7 701 587 21 59

12

ШҚО

Өскемен қаласы, Әуезов к., 26/1, тел:+ 7 777 734 73 00

13

БҚО

Орал қаласы, Исатай-Махамбет к., 84, тел: +7(7112) 243-095

14

Атырау облысы

Атырау қаласы, Сәтпаев к., 78, тел: 8 7122 76-36-55, 8 7122 777-606

15

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата к.,, 123 (3-қабат), тел: 8 (7242) 40 09 81, факс: 8 (7242) 70 08 85

Серіктестер