«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы –  «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 21 қазанда құрылған, сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары

1. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.

2. Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді және бизнестің түйткілді мәселелерін аудандар, өңірлер, республика ауқымында анықтау және шешу.

3. Отандық өндірістерді дамыту және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

4. Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарында талап етілетін мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.

5. ШҚО агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес проблемаларын шешуге жәрдемдесу.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілер және мессенджерлердегі парақшалары:

Facebook: www.facebook.com/groups/OskemenBiz/ («Бизнес в Усть-Каменогорске и Восточно-Казахстанской области»)

Instagram: @palatavko

Telegram: t.me/palatavko

Еншілес ұйымдар

Серіктестер