«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнеске арналған құжаттардың тегін үлгілері

contract.аtameken.kz – бизнеске арналған құжаттардың тегін үлгілері! 

«Атамекен» кәсіпкерлердің қажетіне арнап BestProfi компаниясымен бірлесіп,  шағын бизнес үшін өзекті құжаттардың 100 үлгісінен тұратын бірегей сервисті әзірледі:  

- қызметкермен еңбек шарты (соның ішінде шетел азаматымен);
- атқарылған жұмыс актісі;
- дүңгіршек немесе асхананы жалға алу шарты;
- бір реттік қызмет көрсету шарты және басқа да құжаттар. 

Сервис арқылы ұқсас құжаттарды біріктіріп, өзіңізге қажетті құжат үлгісін «құрастыра» аласыз. 
Ыңғайлылық үшін сервис бұрын жасалған құжат нұсқалары мен контрагенттердің реквизиттерін сақтап қоюға мүмкіндік береді, осылайша келесі толтыруда уақыт үнемделеді. 

Құжаттар үлгісін қалай жүктеп алуға болады?
    
1
Сайтқа мына сілтеме арқылы өтіңіз

2. «Жеке кабинетке» (сайттың жоғары оң бұрышында) кіріп, тіркеуден өтіңіз (пароль көрсетілген поштаға        жіберіледі – оны «жеке кабинетке» тіркелу кезінде енгізу қажет).
3. Тіркелген соң «Траифтер» бөліміне өтіңіз. 
4. «Бизнесті қорғау» тарифының ақпараты астындағы «Қосу» батырмасын басыңыз. 

«Бизнесті қорғау» тарифын қосқаннан соң, сізге 100 тегін құжаттың үлгісі ғана емес, сонымен қатар тегін кеңестер мен мемлекеттік органдарға жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар қолжетімді болады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер