«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Халыққа арналған қаражат

2016 жылғы 09 Тамыз
- Қостанай облысы
10794 просмотров

Облыс тұрғындары «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС тарапынан алғашқы несиелерін алды. Бүгінгі күнге дейін сомасы 96 млн теңге болатын 20 өтініш мақұлданып, тағы 28-і қаралу үстінде

Жалпы сомасы 24 млн 690 мың теңге болатын алғашқы үш несиені Таран, Фёдоров және Қарабалық аудандарының тұрғындары алды. Қаржы ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін, сондай-ақ дайын өнімді сақтауға арналған қойма салу үшін берілді.

«Несие алушылардың мақсаты әртүрлі. Ауыл шаруашылығын өндірушілер несиені ірі қара мал мен техника сатып алу үшін алады. Сонымен қатар, ет пен жартылай фабрикаттар өндіру цехын ашу жобалары да бар. Несие алуға өтініштер шыны өңдеу және көмір өндіру цехына қажетті жабдықтарды сатып алу үшін де түсті. Біреулер фронталды тиегіштер алуды жоспарлап отыр. Сол сияқты кете береді. Өтініштерді несие беру комитеті қадағалайды. Ақша кепіл шарттары тіркелгеннен кейін, бірден беріледі. Біз тұрғындардан өтініштер қабылдауды жалғастырып жатырмыз», – деді «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС директоры Жамали Атжанов.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың наурыз айында «Атамекен» ҚР ҰКП, Еуразиялық топ пен облыстық әкімдік арасында жеңілдік шарттарымен тұрғындарды несиелендіру мақсатында шағын қаржы ұйымын құруды қарастыратын меморандумға қол қойылған болатын. Қарыз алушылар 15 млн теңгеге дейінгі сомада, пайызсыз, берілетін соманың 4%-на тең комиссиясы бар несиеге жүгіне алады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер