«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес қол ұшын созды

2018 жылғы 05 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
4163 просмотров

Облыс қана емес бүкіл республика бойынша кәсіпкерлер Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Аякөз ауданы филиалының директоры Самарқанд Байжановтың айтуынша жерігілікті кәсіпкерлердің өздері ғана жерлестеріне деп 6 млн теңгеден астам қаражат жинаған. Зардап шеккендерге Астана мен Алматы қалаларында тұрып жатқан аудан орталықтың тумалары да көмек жасап отыр.

Көмек республиканың түкпір-түкпірінен келіп жатыр.  

 «Көмектескендер арасында кәсіпкерлер, шенеуніктер, қарапайым жұмысшылар да бар. Апат болған күннен бастап, көмек көрсетіліп келеді», – деді Самарқанд Байжанов.

 Су тасқынынан ең бірінші Глубоковское, Аякөз, Шемонайха аудандары мен Семей тұрғындары зардап шеккен. Кеше ғана Зырянов ауданына қарасты Малеевка ауылы толық су астында қалды. Бүкіл ауыл тұрғындары тез арада көшірілді.

 Зырянов ауданы кәсіпкерлері су тасқынының екінші легінен зардап шеккендерге 350 мың теңге көлемінде гуманитарлық көмекті бір күнде жинап берді. Оның ішінде 110 мың теңге ақшалай, қалғаны киім, аяқ киім, гигиена заттары түрінде көрсетілді.

 «Бізде су апатының қиын жағдайы әлі де бар. Кеше таңертеңнен бастап Малеевка тұрғындарына жиналған киім, азық-түлікті жеткізуді бастадық. Бүгін тура солай Зубовск ауылына көмек көрсетіп жатырмыз. Жергілікті әкімдік көлікпен көмектесті, ал жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері жиналған заттарды тиеуге, оны тұрғындар арасында бөлуге атсалысты», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Зырянов ауданы филиалының директоры Алтынай Әлішева.

Айта кетелік, жергілікті әкімдіктің мәліметтері бойынша биыл ШҚО-да орын алған су тасқыны зардаптары 3 млд теңгені құрап отыр, мыңнан астам үй су астында қалып, 3 мыңнан астам адам басқа жерге көшірілді, олардың бір бөлігі әлі де территориялық бөлімшелерде қалып отыр.

Бүгінде ресми емес дереккөздерге сүйнесек, «Аякөз-Болашақ» қорына зардап шеккендерге арнап 129 млн теңге түскен.  Үржар ауданы кәсіпкерлері тарапынан «Үржар қамқор» қорына Аякөз тұрғынадыра арнап 1,5 млн теңге түскен. Сонымен қатар зардап шеккендерге 10 тонна ұн жеткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер