«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысында іскер әйел кемпинг ашуға ниетті

2018 жылғы 10 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданындағы кәсіпкер бірнеше жобаны ойға алған. Олардың қатарындағы ең ірісі мейрамхана кешені мен кемпинг.

Кәсіпкер Надия Айдарова ең алдымен «Бастау» жобасы бойынша білім алды. Әрине, ірі жобаны бірден жүзеге асыру мүмкін болмады, кепілзаты жетпеді.

Бүгінде екінші қадамды жасады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2 млн теңге қаражат алған Надия Айдарова ауылда шағын да жайлы кафе ашып, үш жұмыс орнын ашты. Қарызға алған ақша толықтай құрылыс нысанына және жиһаз бен техникалық жабдыққа жұмсалған.

«Кафе жұмысы басталды, келушілер де бар. Әрине мемлекеттің қолдауынсыз бұл істі бастай алар емес едім. Кәсіпкерлер палатасы секілді ұйымның болғанына қуаныштымын. Олардың тарапынан берілген көмек айтарлықтай сезіледі. Егер бұрындары мемлекеттік құрылым қысым көрсете бастаса, қайда барарымызды, кімге жүгінерімізді білмейтін едік. Сауатымыз да шамалы еді. Қазіргі таңда бұл мәселеде шыңдалдық. Кез келген сәтте Палатаға барып, мамандардан кеңес ала аламыз. Сондықтан «Атамекен» ҚР палатасына және біздің ауылдағы филиал басшысы Әлия Орымбекқызына айтар алғысым шексіз.

Надия бизнеске жаңадан келген жоқ. 90-жылдардың соңынан бері сауда саласында еңбек етеді. Шағын азық-түлік дүкені бар. Кафе ашу – бизнесті ұлғайтудың келесі қадамы.

Алайда осымен тоқтап қалғысы келмейді. Арманы қызмет көрсету кешенін құрғысы келеді. Мысалы ерекше мәзірі бар мейрамхана, автотуристерге арнап шатыр құратын не болмаса шағын үйшіктер орналасқан, автокөлік қоятын орны бар жаздық лагерь ашуды қалайды. Бірақ бұл жобаларға қаражат көлемі де ауқымды болу керек.

«Ештеңе етпейді, бәрі де алда» , – дейді үш баланың анасы.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіспкерлер палатасының Көкпекті ауданындағы филиалы берген мәліметке сүйенсек, 2017 жылы «Бастау» жобасы бойынша 245 адам білім алып, олардың ішінде 60 қатысушы жобаларын жүзеге асырған. 2018 жылы 180 тыңдаушы жобаны іске қосады деп жоспарланған. Бүгінде білім алуға 37 азамат өтінім берді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер