«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары қатысушыларына ережелер түсіндірілді

2018 жылғы 23 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
3702 просмотров

Өскеменде ҚР Президентінің  «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауар» республикалық көрме-байқауына қатысушыларына арнап жаттығу семинары өткізілді. Аталған байқауларға өңірдің 40-тан астам кәсіпорны қатысып жатыр.

Семинар барысында «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшысы Мәдина Мұқатова байқауды өткізу шарттары, ережелері мен талаптары жайында ақпарат беріп, сонымен қатар қатысушыларға байқау материалдарын дайындау бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, сапа саласында халықаралық байқаулар үлгілерімен таныстырды.  

 Сонымен қатар сарапшы биылғы жылдың жаңашылдықтарын айтты.

«Байқауларды өткізу тәртібінде кішігірім бірақ, назар аударлықтай өзгерістер бар. Егер осыған дейін байқаулар үш аталым және үш категория бойынша өткен болса, биыл «Азық-түлік тауарлары және /немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын» атты жаңа аталым қосылды. Өңірлердегі кәсіпорындарғаға барып тексеру процедурасы енгізілді, осылайша бүкіл ел бойынша финалистер анықталады», – деді Мәдина Мұқатова.

Жаттығу семинарын байқауға қатысушылардың материалдарын қарау және бағалау жөніндегі  Комиссияда жұмыс істеу тәжірибесі бар  менеджмент жүйелерінің үздік сарапшы-аудиторлары өткізді. «Интерсерт Консалтинг Центр Азия» ЖШС менеджмент жүйелері бойынша сарапшы-аудитор, EFQM асессор Виктор Ким EFQM еуропалық сапа сыйлығы, Өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығы сынды Ұлттық және халықаралық сапа сыйлықтары жайында ақпарат берді. Сонымен қатар Виктор Ким ҚР Президенті «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы моделімен таныстырып, «Мүмкіндіктер» және «Нәтижелер» критерийлеріне, өзін-өзі бағалауға түсінік берді.

 «Семинар бағдарламасы мазмұнды болды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды. Осылайша олар бизнесті ары қарай жетілдіруге құлшыныс алады», – деді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің техникалық регламент талаптарын бақылау бойынша бөлім жетекшісі Алена Кравченко.

 «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауы Өскемен қаласында 5 шілде күні Б.Александров атындағы спорт сарайында өтеді. Өңірлік байқау жеңімпаздары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатыса алады.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер