«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өскеменде үздік тауарлар анықталды

2018 жылғы 05 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
5443 просмотров

Б.Александров атындағы Спорт сарайында өткен байқауда қала тұрғындары мен қонақтар жергілікті тауар өндірушілердің өнімдеріне баға берді

Байқау Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының басшысы Мақсат Мүсәпіров көрме қатысушылары мен қонақтарына арнап сөз сөйледі

«Баршаңызды айрықша мерекемен құттықтап, Елорданың көркеюіне тілектеспін. Бүгінгі шарада жаңа тауарлар шығарылғаны әрі олардың сапалы болғаны қуантады. Бұл іс-шара 12-рет өткізіліп отыр. Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру әрі дамытуға бағытталған шарада өңірдегі өндірушілер республикалық деңгейде де жеңімпаз атанады деген өтінемін», – деп атап өтті Мақсат Мүсәпіров.

Сонымен қарат өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий да лебіз білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Құрметті кәсіпкерлер, бүгінгі байқауда өнім сұрыпталымын қалыптастырған кәсіби өндірушілермен қатар жаңа өндірушілерді көрудің өзі қуаныш. «Қазақстанда жасалған» бренді дамып келеді. Біздің тұрғындар өз өнімімізді алып, Қазақстанның тауары танымал болғанын қалаймыз. Өнім сапасы арта берсін», – деді Игорь Шацкий.

Көрмеде өнеркәсіп, жиһаз, азық-түлік, нан-тоқаш, кондитерлік, бал, балық өнімдері қойылды. Үш сағаттан астам шарада 9 жеңімпаз анықталды.

Биыл әр аталым бойынша 3 қатысушы жеңімпаз атанды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Терра-Вита» ЖШС, «Силикат» ЖШС үздіктер қатарынаың алды болды.

«Үздік азық-түлік тауары» аталмына «Пасека» шаруа қожалығы, «Milcom» ЖШС, «Грандфиш» ЖШС лайық деп танылды. Ал «Халыққа арналған үздік тауар» бойынша «ДСП Центр Усть-Каменогорск» ЖШС, «Булутханова И.Н» ЖШС, «Роза-Ваяльновойлочный комбинат» ЖШС үздік тауар иелері болды.

Барлық дипломанттарға арнайы мүсінше мен 75 мың теңге сомасында сертификат табысталды. Сондай-ақ жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық байқауға Шығыс Қазақстан облысы атынан қатысады.

Мұнымен қоса, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына белсенді қатысқаны үшін» сыйлықтарымен «Актұмар 2015» ЖШС, «Isnar» ЖК, «Першина А.В» ЖК марапатталды. Тұтынушылар таңдауы «Торе тогам» ЖШС, «Акмет» ЖК, «Арыстанбек Үржар» ЖШС түсті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер