astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Слово
Перевод
Описание
частное предпринимательство
жеке кәсіпкерлік

Жеке кәсіпкерлік — жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі. (Қазақстан Респу- бликасы Кәсіпкерлік туралы заңынан). Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауап­ кершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамашы­ лық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойны­ на алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жал­ дамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асырылады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қыз­ меттің барлық түрін де жүргізеді. жеке меншік Төмендегідей межелердің біріне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асы­ ратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табы­ лады. Шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік туралы заңынан).

жеке кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган — полномочный орган по частному предпринимательству жеке кәсіпкерлік субъектілері — субъекты частного предпринимательства жеке кәсіпкерлікті дамыту — развитие частного предпринимательства жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау — государственная поддержка частного предпринимательства жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы — инфраструктура частного предпринимательства орта кәсiпкерлiк субъектiлерi — субъекты среднего предпринимательства ірi кәсiпкерлiк субъектiлерi — субъекты крупного предпринимательства

чек
чек

Қатаң түрде белгіленген құнды қағаз

чек кітапшасы — чековая книжка чектер арқылы есеп айырысу — расчёт чеками чектің күшін жою — ревокация чека

человеко-день
адам-күн

Бір күнде жұмысқа бөлінетін уақыттың өлшемін көрсететін бірлік, оның ішінде жұмыстан тыс уақыт та (мәселен, үзіліс кезі) қамтылады.

адам-күн бойынша есептеу — счёт с учётом человеко-дней

человеко-час
адам-сағат

Жұмыс уақытын, еңбекке бөлінетін шығындарды есептеуге арналған бірлік. Адам­сағат арқылы жұмысты, қызметкерлердің санын, міндеттердің орындалу мерзімін анықтауға болады. Де­ малыс, үзіліс, денсаулығы бойынша жұмыста болмайтын мерзім, оларға жалақы төленетін болса да, адам­сағат өлшеміне енгізілмейді.

адам-сағат бойынша есептеу — счёт с учётом человеко-часов

чистый (экон.)
таза

Шаруашылық субъектілерінің атқарған жұмыстарының, кә­ сіпкерлік қызмет өнімдері нәтижелерінің айырмашылықтарын анықтайтын жоғары көрсеткіш

таза ағымдағы активтер — чистые текущие активы таза айналым капиталы — чистый оборотный капитал таза активтердің құны — стоимость чистых активов таза ақшалай түсімдер — чистые денежные поступления таза баға — чистая цена таза бәсеке нарығы — рынок чистой конкуренции таза өтімді активтер — чистые ликвидные активы таза пайда көрсеткіші — показатель чистой прибыли таза пайыз — чистый процент таза салмақ — чистый вес таза салықтар — чистые налоги таза табыс — чистый доход таза үстеме баға — чистая наценка

штраф
айыппұл

(нем. strafe — жаза) Бекітілген тәртіптің бұзылуына кінәлі болған заңды тұлғадан немесе жеке тұлғадан талап етілетін ақша түріндегі шара.

айыппұл белгілеу — установить / назначить штраф айыппұл төлеу — платить штраф айыппұлдың көлемі — объём штрафа

экономика
экономика

Өндіріс, тауарлар мен қызмет көрсету түрлері бөлінісінің, ал­ мастыру мен тұтынудың жүйесі. Экономиканың негізі — тауар өндіру. Қолда бар ресурстарды барынша тиімді пайдаланудың әдіс­тәсілдерін зерделейтін ғылым.

көпқұрылымды экономика — многоукладная экономика экономикадағы қиғаштық — перекос в экономике экономикадағы қондырма — надстройка в экономике экономикадағы құрылымдық ығысу — структурный сдвиг в экономике экономикадағы өзгеріс — изменения в экономике экономикалық аймақ — экономическая зона экономикалық аумақ — экономическая территория экономикалық әл-ауқат — экономическое благосостояние экономикалық әлеует — экономический потенциал экономикалық бағдарлама — экономическая программа экономикалық байланыстар — экономические связи экономикалық бұғау — экономическое ярмо экономикалық дағдарыс — экономический кризис экономикалық даму жоспары — план экономического развития экономикалық дербестік — экономическая самостоятельность экономикалық жағдай — экономическая обстановка / ситуация экономикалық игіліктер — экономические блага экономикалық өсу — экономический рост экономикалық шығасылар — экономические издержки экономиканы ырықтандыру — либерализация экономики экономиканың өскелең саласы — растущая отрасль экономики экономиканың тұрақсыздануы — дестабилизация экономики экономиканың тұрақтануы — стабильность экономики

экономия
үнем / үнемдеу

(грек. oikonomia — шаруашылық) Өнімді, тауарды шығаруға арналған, алдын ала жоспарланған шығынның азаюы, қысқартылуы

абсолютті үнем — абсолютная экономия ресурстарды үнемдеу — экономия ресурсов салыстырмалы үнем — сопоставительная экономия үнем режимі — режим экономии

экспорт
экспорт

Тауарлар мен өнімдерді, қызмет көрсету түрлерін шекарадан өткізе отырып, шетелдерге шығару

экспорт кепілдігі — экспортная гарантия экспорт құрылымы — структура экспорта экспорт пен импорт салығы — налог на экспорт и импорт экспортқа шикізат өңдеу аймағы — зона переработки на экспорт экспортты лицензиялау — лицензирование экспорта экспорттық баж — экспортная пошлина экспорттық демеуқаржы — экспортные дотации экспорт жеңілдіктер — экспортные льготы экспорттық кредит — экспортный кредит экспорттық лизинг — экспортный лизинг экспорттық мәміле — экспортная сделка экспорттық ресурстар — экспортные ресурсы экспорттық шегерім — экспортная скидка экспорттық шығасы — экспортные издержки

электронный
электронды

Электронның қасиет­сапаларын пайдалануға байланысты; электрониканың негізінде әзірленген

электронды ақша — электронные деньги электронды аударым — электронный перевод электронды қолма-қол ақша — электронные наличные деньги электронды қолтаңба — электронная подпись электронды төлем — электронный платёж электрондық салық төлеуші — электронный налогоплательщик электрондық-сандық қол қою — электронная цифровая подпись

Дочерние организации

Партнеры