Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

Семейдегі педагогикалық колледжде кәсіпкермен қонақ дәріс өтті

29 Ноября 2019
- Восточно-Казахстанская область
6327 просмотров

2019 жылдың 21 қараша күні Семей қаласында «Кәсіпкерлік қызмет негіздері білім беру мекемелерінде» жобасы аясында ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалы директорының м. а. Рахмет Адамбаев және жеке кәсіпкер, «Intellectual» білім беру орталығының атқарушы директоры Еркебұлан Тұрсын «М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің» КМҚК 4 курс студенттерінің «Табысты бизнесті құру негіздері» тақырыбында кездесуі өтті.

Биылғы оқу жылынан бастап еліміздің барлық аймақтарында «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» факультативі оқытылуда. Осыған орай, бүгін бізде, яғни «М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде» «Табысты бизнесті құру негіздері» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді. Дәрісті өткізудің негізгі мақсаты: студенттерімізге болашақта қандай да бір кәсіпті ашуға, айналысуға бағыт-бағдар беру, кәсіпкерліктің заңдылықтарын түсіндіру, ақпараттармен таныстыру.

Кездесу барысында ШҚО кәсіпкерлер Палатасының Семей қалалық Филиалы директорының м. а. Рахмет Адамбаев кәсіпкерлік қызметке NEET категориясындағы жастар, жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында бірнеше бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Солардың ішінде «Жас кәсіпкер», «Бастау Бизнес» бағдарламалары бойынша тегін оқытуға қала және ауыл тұрғындарын шақыратындығын, оқытудың ұзақтығын, керекті құжаттар тізімін, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге барынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатқандығы сөз етіліп, кәсіпкерлік бастамаға кеңес беру жолдары, қайтарымсыз төлемдер және төмен пайыздағы несиелер туралы түсіндірді. Кәсіпкерлер палатасы тарапынан өз ісін бастауға ниетті студенттерге көмек көрсетуге әрдайым дайын екендіктерін айтып, студенттерді оқуға әлемдік аренадағы белді кәсіпкерлердің бірегейі болуға шақырды.

Тәжірибеде кәсіпкерлік ол тәуекелділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүзеге асырылады. Осыған орай, бизнеспен айналысу кезінде әкімшілік кедергілер, қолданыстағы талаптар, салық немесе тариф мөлшері, мемлекеттік органдармен байланыс, тағы да басқа бағыттағы құқықтық салдар түсіндірілді.

Кездесу барысында кәсіпкер Еркебұлан Тұрсын өзінің тәжірибелерімен, кәсіпкерлік өсу жолындағы жетістіктерімен, кәсіп жасау жолында кездескен кедергілермен де ойын бөлісті. Әр кездескен кедергі кәсіпкер үшін үлкен тәжірибе алу екенін айтты. Кәсіпкер өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, болашақ жас кәсіпкерлерге біліктілікті арттыру, үнемі ізденісте жүру, өз жұмысына шығармашылықпен қарауды баса айтты.

Ең бастысы, студенттер кездесуде белсенділік танытып, қызығушылық білдіріп, түрлі бағытта сұрақтарды да қойды. Бұл кездесуден студенттер кәсіпкерлік білімді меңгеруде көптеген пайдалы ақпараттар мен білімдер алғаны сөзсіз.


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Дочерние организации

Партнеры