«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау»: Шығыс Қазақстанда жобаға қатысқандардың саны басым

2018 жылғы 28 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
2833 просмотров

Бірегей жоба облыстың барлық қаласы мен ауданын қамтиды

Шығыс Қазақстан облысы «Бастау» жобасы бойынша оқытылғандар санымен алда тұр. Бүгінге дейін 1547 адам оқуды аяқтады және жыл соңына дейін 2697 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға білім берілмек.

Еске салсақ, жақын күндері Елбасының шағын несиелеуді ұлғайту бастамасын жүзеге асыру аясында Мәулен Әшімбаев Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, несие алушылармен сөйлескен еді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді және жергілікті атқарушы органдар, қаржы институттары мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс атқарып келеді.

Бағдарлама жеке кәсіпті дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Биыл «Бастау» жобасы бойынша осы өңір тұрғындарын екі есе қамту көзделген, облыстың барлық ауданы мен қаласында іске асырылмақ.

Облыста «Бастау» түлектерінің 60%-ы – ерлер, 40% – қыз-келіншектер. Жастардың да қызығушылығы жоғары, түлектердің 85%-ы мал шаруашылығына қатысты бизнес-жоспар дайындаса, 15% қызмет көрсету саласын таңдайды.

Бүгінде ауылдық жерде жалпы сомасы 2 млн теңгеге шағын несие алу үшін 623 өтінім қабылданды – 319 қарыз алушыға несие берілді. Өскеменде 26 жоба мақұлданған – 150 млн теңге сомасындағы 13 жобаға несие бөлінген.

Биыл Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шағын несиелеуге 4,6 млрд теңге бөлінген, оның ішінде ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін – 3,5 млрд теңге, қалаларға – 1,1 млрд теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер