Кедендік әкімшілік ету департаменті
Мамашева Дина Талғатқызы
Басқарушы директор - Департамент директоры
Кедендік әкімшілік ету департаментінің рөлі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі саласында, атап айтқанда, кедендік заңнаманы жетілдіру, кедендік формалдылықтарды жеңілдету, кедендік декларациялау кезінде қажет құжаттар санын қысқарту және басқаларында кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруға қолайлы жағдайды қалыптастыру болып отыр. Кедендік процедураларды жеңілдету және оларды жүргізу уақытын қысқарту міндеті басшылыққа алынған.
Тәуекелдерді басқару жүйесі процестерін автоматтандыру жеткізулер қауіпсіздігі деңгейінің жеткілікті шамасы мен мемлекеттік бақылауды бірдей сақтау кезінде бизнес үшін кедендік әкімшілік етуді жеңілдетудің маңызды құралы болып табылады. Шын мәнінде, барлық дамыған елдердегі заманауи кедендік әкішілік ету бүгінде осыған негізделеді.
Департамент қызметінің идеологиясы сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың нақты түйткілдері негізінде кедендік заңнаманы жүйелі түрде жетілдіру және жақсартуға негізделе отырып құрылған.
Нәтижесінде бизнеске де, бақылаушы органдарға да түсінікті әрі ашық қағидалар бойынша жұмыс жасау оңай болады.