Қоғаммен байланыс департаменті
Қоғаммен байланыс департаменті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы жұртшылыққа ақпарат беру бойынша іс-шараларды дайындаумен, жоспарлаумен және жүзеге асырумен, іскерлік ақпарат көздері жүйесін құрумен, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдерді ұйымдастырумен, ҰКП ағымдағы қызметінің өзекті мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесулер және сұхбаттар өткізумен айналысады.
Сонымен қатар Қоғаммен байланыс департаменті БАҚ-қа мониторинг жүргізу, ҰКП қызметіндегі басты мәселелер бойынша қоғамдық ой-пікірге талдау жүргізіп, ҰКП және оның құрылымдық бөлімшелері қызметін БАҚ-та толық және объективті түрде көрсету мақсатында журналистермен әрекеттестікте болады. Тілшілерге ақпарат алуда, олардың ауызша әрі жазбаша сұрауларына сәйкес, ҰКП фото, аудио және бейне түсірілімдер жүргізуде жәрдемдеседі. ҰКП қызметі туралы мақалалар, сұхбаттар, басшылық және ҰКП құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің сөздерін, өткізілетін іс-шаралар туралы баспасөз-хабарламаларын даярлаумен және БАҚ-қа орналастырумен айналысады.
Қоғаммен байланыс департаменті қызметінің негізгі бағыттары:
- ҚР ҰКП бизнес-қауымдастық пен билік әрекеттестігін ұйымдастыру бойынша барлық деңгейлердегі кәсіпкерлік құрылымдарды дамытуға жәрдемдесу, жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру, ел кәсіпкерлерінің жетекші бірлестігі ретінде елімізде және халықаралық сахнада Ұлттық палата беделін көтеру бойынша қызметін насихаттау;
- ҚР ҰКП қызметі туралы жедел ақпарат беру, журналистік қауымдастық өкілдерімен ақпараттық әрекеттестік тиімділігін көтеру, жетекші БАҚ-тарда жарияланымдарды өркендету;
- биліктің заң шығарушы және атқарушы органдары, мемлекеттік, қоғамдық және салалық ұйымдардың баспасөз-орталықтарымен және баспасөз-қызметтерімен бірлескен іс-шараларды даярлау және өткізу, ақпарат алмасу, пост-хабарламалар даярлау, сонымен бірге ақпараттық ынтымақтастық туралы жасалған келісімдер негізінде аталмыш мәселелер бойынша әрекеттесу;
- ҚР ҰКП қызметі және ұстанымы туралы ресми сайт www.atameken.kz қолдана отырып, эксклюзивті ақпарат тарату;
- Қазақстандық экономика мен бизнесті дамытудағы басты мәселелерге арналған брифингтер, тақырыптық баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанында ҚР ҰКП брифингтері өткізілетін Баспасөз орталығы бар.
«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті:
+7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz
Ресми сайт: www.atameken.kz