«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«KNAUF» стиліндегі дуалды білім беру

2015 жылғы 03 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
14831 просмотров

«КНАУФ Гипс-Қапшағай» Оқу орталығының өкілдері Өскемен қаласында презентация өткізді

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы құрылыс саласы кадрларының біліктілігін көтеруге жәрдем көрсету үшін өңірдің жетекші компанияларын тартады. «KNAUF» компаниясының өкілдері ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Өскемен қаласына келіп, Қазақстан Республикасының құрылыс нысандарында қолданылатын жаңа материалдар, құралдар мен технологиялар презентациясын өткізуге шақыруына үн қатты.

Презентацияға облыс кәсіпорындарының мамандары, облыстағы КжТББ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері шақырылды.

«Мен және менің әріптестерім өз нысандарымызға енгізіп жатқан «Кнауф» компаниясының құрылыс материалдарын қолдану технологиясының қыр-сыры жайлы ақпаратқа қанықтық», - деп атады «Темір-бетон комбинаты» ЖШС шебері Сергей Власюк.

«KNAUF-Гипс-Қапшағай» Оқу орталығының өкілдері жаңа кешенді жүйелер мен құрылыс материалдарының сұрыпталымы презентациясын өткізді, «KNAUF» жобаларымен және өнім каталогымен таныстырды. Сонымен қатар құрал-жабдықтардың жаңа буынын алға тартты.

«Компания өкілдері көптеген буклеттер, каталогтар, фильмдер берді. Оларды оқу процесінде, колледждерде құрылыс саласының кадрларын даярлауда қолдануымызға болады», - деп есептейді Шығыс Қазақстан техникалық гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы және өндірістік оқыту шебері Галина Потапова.

«KNAUF» компаниясы Өскемен құрылыс колледжіне әрлеушілерді даярлауға арналған шеберхананы безендіруде жәрдем көрсетпекші. Құрылыс материалдары, арнайы киім беріліп те қойды, енді көрсету стенділері жасалып жатыр. «KNAUF-Гипс Қапшағай» Оқу орталығының өкілдері кәсіпорын жұмысшыларының, өндірістік оқыту шеберлері мен құрылыс колледждері студенттерінің біліктілігін көтеруге арналған пратикалық семинарларды осы жерде өткізуі мүмкін.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер