«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Колледж шеберлері жаңа ауылшаруашылық техникасымен жұмыс жасауға үйренеді

2015 жылғы 16 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
12626 просмотров

Ауылшаруашылық саласы үшін кадрлар даярлау – кәсіптік білім берудегі маңызды бағыттардың бірі. "ВостокАгроХолдинг" ЖШС директоры Ержан Нұрбаев аталмыш бағыт бойынша ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бастамасына қолдау көрсетіп, «Нивы Чапаево» ЖШС-да колледждердің төрт шебері үшін машықтану ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетті.

«Шығыс Қазақстан облысы Аграрлық секторының кәсіпорындарында бүгінде жаңа ауылшаруашылық техникасы бар және оны қолданады, сондықтан да кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардың болуы жайлы мәселелер өзекті болып табылады және біліктілікті жүйелі түрде көтеруді талап етеді», - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Роза Бісікенова. 

Бағдарлама машықтанушылардың кәсіпорынның жаңа базасымен, олардың жұмыс жүйесімен, техникамен, жабдықтармен, өндірісті ұйымдастырумен және жұмыс түрлерімен егжей-тегжейлі танысуын көздейді.

Машықтанушылар жаңа түрдегі ауылшаруашылық техникасының негізгі тораптарына қызмет көрсету мен жөндеудегі практикалық дағдыларға үйренді.

«Нивы Чапаево» ЖШС директоры Жанатбек Бұғыбаевтың айтуынша, «ауылшаруашылық өндірісі техник-механигі» біліктілігі бойынша өндірістік оқыту шебері ауылшаруашылық өндірісі салаларындағы ең соңғы технологияларды енгізу шаралары мен әдістерін білуге тиіс, сондықтан да колледждердің өндірістік оқыту шеберлерінің білімдері мен біліктерін көтеру бойынша жұмыс бағытын қолдауға дайын.

«Өндірістік оқыту шебері жаңа буын техникасымен танысты, және де, ең бастысы, «Нивы Чапаево» ЖШС-да қызмет көрсету және жөндеу бойынша тәжірибелік дағдыларға үйренді. Ендігі жерде теориялық және тәжірибелік оқыту жұмыс бағдарламаларының мазмұнына нақты өзгертулер мен толықтырулар енгізе аламыз деп ойлаймын», - деп қорытты Глубоково аграрлық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Татьяна Клочкова.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер