«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сүт өнімдері саласының көшбасшысы

2016 жылғы 06 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
19618 просмотров

ШҚО-дағы сүт кластері жергілікті кәсіпорындардың қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді

«Шығыс-Сүт» корпорациясының сала құраушы кәсіпорыны – 1999 жылы құрылған «Шығыс-Сүт» ЖШС.

Ол кездерде корпорация құрамында Васильев май зауыты мен балқытылған ірімшік шығаратын украиналық цех болған. 

Келесі жылы «Шығыс-Сүт» ЖШС жергілікті сүт кластерінің жетекші саласына айналды. Өндіріс ауқымы артып, Самара және Зыряновск сүт зауыттары мен Өскемен қаласының сүт комбинаты сатып алынды.

Кластерлік тәсіл өндірістің әлеуетті, өзара байланысты салалары мен ауылшаруышылық тауарларын қайта өңдеуді бағытты дамытуға мүмкіндік берді.

Корпорацияның сүтті ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерден сүт зауыттарына, тұтынушыларға жеткізуге мүмкіндік беретін жеке көлік кәсіпорны, облыстың ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ететін мұнай базасы және құрылыс ұйымы бар.

«Біз сүтті облыс бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарынан да, жеке секторлардан да сатып аламыз. Жылына корпорацияның зауыттарында 14-тен 18 мың тоннаға дейін сүт қайта өңделеді. Сүтті қайта өңдеу қуаттылығы 400 тонна болатын зауытта күн сайын 60 тоннаға дейін сүт өңделеді, соның ішінде 16 тонна сүт жеке сүт фермаларынан тасымалданады», – дейді «Шығыс-Сүт» ЖШС-ның бас директоры Сейілжан Сайлаубаев.

2010 жылы Өскемен сүт комбинатын қайт құру жобасының бірінші кезеңі жүзеге асты. Ұзақ мерзімді сақтауға арналған ультрапастерленген сүт өнімдерін шығару басталып кетті, сүттерді пэт-бөтелкелерге құю желісі іске қосылды.

2012 жылы 400 басқа арналған табынды автоматты және роботты басқару жүйесі бар заманауи сүт-тауарлық фермасы іске қосылды. Бұл сауу процессін роботтар жүргізетін Қазақстандағы бірінші сүт-тауарлық ферма.

Корпорацияның зауыттарында тұздалған, балқытылған, жұмсақ ірімшіктер, қаймағы алынбаған және қышқыл сүт өнімдері, биосусындар сияқты 800-ден астам сүт өнімдерінің түрлері өндіріледі.

Өнімдер облыс көлеміне, Алматы қаласына, Ресей Федерациясына жеткізіледі.

«Шығыс -Сүт» ЖШС Қазақстан Республикасы Сүт кеңесінің тұрақты мүшесі әрі сүт өндіру мен сүтті қайта өңдеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер