«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сапалы мемлекеттік қызмет – табысты бизнес кепілі

2016 жылғы 08 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
10218 просмотров

Аталған мәселе Зайсан ауданы прокуроры жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі отырысында талқыланды

Шараны өткізуге себеп – қысқа уақыт ішінде шешуді қажет ететін бірқатар түйткілді мәселелердің жиналып қалуы. Мәселен, тіркеу деректемелерінің қолданыстағы салықтық заңнамаға сәйкес келмеуі, кәсіпкерлік субъектілерінің кепілдік мүлкін әділет органдарында мемлекеттік тіркеу кезінде «Сыбаға» және «Құлан» бағдарламалары арқылы несие алуға кедергі болған. «Салық органдары «ЖСН» реквизитін қолданса да, әділет басқармасының электронды базасы ескірген «СТН»-ды қабылдайды»,– дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Зайсан ауданы филиалының директоры Рүстем Қыдырбеков. 

 Дәл осы себепті, Зайсан аудандық филиалына алдын ала қажетті инстанциялардан өткен алты шаруа қожалығының басшылары жүгінген. Олар ұсынған құжаттар топтамасын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие комитеті мақұлдаған.

Сондай-ақ, ет-сүтті бағыттағы ауыл шаруашылық өндіріс кооперативтерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде осы сынды бірқатар келеңсіздіктер кездескен. Мысалы, ӘКК құрылтайшыларының жарғылық қорындағы пайыздық үлесін белгілеген кезде электронды үкімет порталында мағлұматтарды енгізу парақшасы іске қосылмаған; қатысушыларының құрамы өзгерген жағдайда бағдарлама кооператив атауындағы өзгерістерді сұратқан, алайда ҚР Азаматтық кодексінің 42-бабында аталған процедура қарастырылмаған; «Тұру құқығы» мәртебесіне ие тұлғалар туралы мәлімет енгізгенде, бағдарлама ресми тілдегі аудармасы бар нотариалды бекітілген жеке куәлік құжаттарын сұраған. Алайда, Қазақстан Республикасы аумағындағы «Жеке басты куәландыратын құжаттар» туралы ҚР Заңының 10-бабына сәйкес, «Тұру құқығы» азаматтың жеке басын куәландыратыны баршаға аян.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері құзыретті органдардың немқұрайлығы салдарынан  мемлекеттік қызметті заңда бекітілген мерзім ішінде ала алмай отыр. Осылайша, олар 3 жұмыс күнінде алу керек қызметті, 45 күн өтсе де бойы ала алмай отыр. Осыған орай, аталған мәселенің шешімін табу мақсатында ШҚО Кәсіпкерлер палатасына бірнеше мәрте  хат жолданып, «1414» (e.gov) бірыңғай байланыс орталығына сан рет өтініш білдірілген.  Сондай-ақ, е.gov порталындағы мәліметтерді сәйкестендіру үшін облыстық ХҚКО мен «НИТ» АҚ қызметкерлерімен көзбе-көз кездесулер де өткізілген. Көп уақыт бойы мәселе өз шемімін таппаған соң, тиісті құзыретті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен аудан прокуроры жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі отырысын өткізу туралы шешім қабылданған.

Басқосу барысында проблемаларды шешу үшін өкілетті мемлекеттік органдарға олардың құзыреттілігі аясында ұсыныстар жасау туралы шешім шығарылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер