«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-мектеп» жобасына қызығушылық зор

2017 жылғы 31 Қаңтар
- Шымкент қаласы
12807 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы өңірде «Бизнес-мектеп» жобасын қайта бастап, онда кәсіпкерлерге бизнес негіздерін тегін оқытпақ

Оқу аяқталған соң, тыңдаушылар гранттық байқауларға қатысуға құқық беретін және даму банктерінен несие алуға кепілдік ететін сертификаттарға ие болады.

Өткен жылғы тәжірибе көрсеткендей, «Бизнес-мектеп» жобасының «Бизнес-кеңесші», «Тәлімгерлік қағидаларын қолдана отырып жобалық оқыту», «Бизнес-өсім» сынды барлық кезеңдері оңтүстікқазақстандықтар арасында кеңінен танымал болды. 2016 жылы 1200 адам білім алса, олардың 498-і Шымкент қаласының жас кәсіпкерлері.

Оқуды тәмамдаған 195 адам (16,4%) өз бизнестерін ашса, соның ішінде 83 адам қаржылық институттар арқылы қаржыландырылған.

Естеріңізге сала кетсек, «Бизнес-мектеп» жобасы үш кезеңнен тұрады:

І кезең – «Бизнес-Кеңесші» – жеке бизнес құру, маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнес жүргізудің заңдық негіздері, қаржы негіздері және тағы басқа бағыттар бойынша қысқамерзімді оқыту. Оқу курсының ұзақтығы – 16 сағаттан кем емес. Оқу интерактивті режимде жүреді, тәжірибелер мен жаттығулар өткізіледі.

ІІ кезең – «Бизнес-Өсу» – «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстан өткен шағын және орта бизнес субъектілерін оқытады. Кәсіпкерлерге қысқа мерзім ішінде кәсіпкерлік қызметті (кәсіпкердің таңдауы бойынша) жүргізудің және дамытудың функционалды бағыттары бойынша білім береді.

ІІІ кезең – «Тәлімгерлік негізінде жобалық оқыту».

Бірінше кезеңде білім алғандар бағыттары мен жобалары бойынша іріктеледі. Кәсібін енді бастап жатқандарға сол ауданда немесе моноқалада іске асыруға болатын бірнеше шағын жобаның бірін ұсынады. Нақты тәжірибе беру мақсатында дайын жобаларға алып барып, жұмыс кезінде туындаған сұрақтарға жауап береді.

Курсқа қатысушыларға кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, стандартты құжаттар пакеті, соның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржы алуға қажетті құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулердің қорытындылары, халықаралық инновациялық тәжірибелердің және шағын кәсіпкерлік құру туралы идеялардың анықтамалығы ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер