«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Прокуратурамен жаңа деңгейде жұмыс істелмек

2017 жылғы 07 Наурыз
- Жетісу облысы
5502 просмотров

Өңірлік кеңес мүшелері облыстың жаңа прокурорымен кездесті

Алматы облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Римма Салықова, сонымен қатар Өңірлік кеңес мүшелері, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Лаззат Чинкисбаева өңір прокуроры Азамат Жылқыбаевпен кездесті.

«Біз бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау бойынша Ғабит Төреұлымен жақсы қарым-қатынас орнатқанбыз. Бұл жүмыстың нәтижесін «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Мемлекет басшысымен кездескен кезде айтты. Сондай-ақ, біз осы жұмысымызды бұрынғыдай жалғастыруға ықыластымыз. Бүгін кәсіпкерлік қоғамдастығына прокуратура органдарының қолдауы қажет. Себебі, прокуратураның араласуы мен жүргізілген тексерулері арқасында бизнестің көптеген мәселелерін шеше алдық», – деп атап өтті Өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова.

Облыстық палата басшысы Лаззат Чинкисбаеваның айтуынша, өзара ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуі керек. «Бүгінде Прокуратура басқармасымен тиімді ынтымақтастық орнатылған. Басқарма басшысы Сәбит Шымбековты, прокурор Данияр Мұхияевті кәсіпкерлер таниды, олар бизнестің мәселелеріне арналған жиындарға белсене қатысады. Енді өзге басқармалармен, әсіресе, төртінші басқармамен осындай жұмысты жолға қоюымыз керек. Сіздердің қолдауларыңызбен жүктелген міндеттерге қол жеткізе аламыз деп ойлаймыз», – деді Лаззат Чинкисбаева.

Сонымен қатар тараптар ынтымақтастық жұмыстың жоспарын және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесімен тоқсан сайын биресми кездесу өткізуді талқылады.  

Өз кезегінде облыс прокуроры Азамат Жылқыбаев айтылған ұсыныстардың барлығы қабылданатынын және нәтижелі жұмыс істеуге бар күшін салатынын жеткізді.

Еске салсақ, Азамат Жылқыбаев осы жылдың ақпан айында тағайындалған және Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ал, бұған дейін Алматы облысы прокуроры лауазымында қызмет атқарған Ғабит Мирзаев Алматы қаласының прокуроры болып тағайындалды. Барлық прокурорлардың арасында ол «Атамекен» ҰКП-ның «Өз ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалімен марапатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер