«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өскеменде тау туризмінің келешегі талқыланды

2018 жылғы 25 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
6127 просмотров

Өңірдегі туристік сала өкілдері Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті

Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Оксана Желякова, облыстық туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Серікбаев, «Шығыс Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ Асқар Оразбаев пен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Француз елшісіне Шығыс Қазақстандағы туристік саланың басым бағыттары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар Франциядағы озық туристік оперторлармен ынтымақтастық мәселесі, туризм мен ауыл шаруашылығы саласына қатысты отандық инвестициялық жобаларды дамыту мүмкіндіктері мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру талқыланды. Туристік қауымдастық өкілдері мемлекет тарапынан агротуризм саласына көрсетілетін қолдау формалары туралы сұрастырды.

Шығыс Қазақстан облысында туризм саласын дамытудың әлеуеті зор. Дегенмен түйткілді мәселелер де жоқ емес.

«Біздегі тау француздардың Альпісінен кем түспейді. Тау шаңғысында әлеуетке ие бола отырып, инфрақұрылым бағытында қалыс қалғанбыз. Инфрақұрылымға қаражат салуға дайын компаниялар болса, бірлесе отырып инфрақұрылымды дамытуға дайынбыз», ­- деді ШҚО Туризм басқармасының Жасұлан Сәрсебаев.

Францияда тау туризмі жақсы дамыған. Мартинэ мырзаның айтуынша, ынтымақтастыққа дайын, оның ішінде осы салада мамандарды дайындауға барынша көмек көрсетуге де әзір.

«Тауды игеруді үйрететін мамандармен кездесу ұйымдастыруға көмектесе алар едік. Егер ұзақ мерзімде жұмыс істейтін болса,ең алдымен аумақтық дамуды ойластыру керек», ­­- деп атап өтті Францияның елшісі.

Тараптар туризм саласында ынтымақтастықтың бірлескен жоспарын дайындауға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер