«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысында 100-ге жуық ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істемей тұр

2019 жылғы 18 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
6460 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы өңірдің әлеуетті мүмкіндіктерін басшылыққа алу арқылы ауыл шаруашылығы саласында басымдыққа ие бағыттарды дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды жалғастырып жатыр

 Облыс бойынша 432 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. Оның ішінде 407-сі ШҚО кәсіпкерлер палатасы филиалдары арқылы ашылған және 11,2 мың қатысушы біріктірілді. Құрылған кооперативтер ішінен 54-і сүт бағытында жұмыс істейді, 236-сы – ет және 142 кооператив қызметтің басқа түрімен айналысады.

 Өткен жылы Палата жұмыс істеп тұрған және жұмыс істемейтін кооперативтерге мониторинг жүргізген болатын. 2018 жылы толық қызметін тоқтатқан 42 кооператив анықталды, уақытша жұмысын тоқтатқан 54 кооператив бар.

 «Мұның негізгі себебі ауыл шаруашылығына арналған жердің болмауы, ірі қара малды бордақылауға қатысты қағидалардың өзгеруі салдарынан субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шараларының алынып тастауы болып отыр. Тағы бір себеп өтімді кепілзаттың болмауы», – деді ШҚО ӨКП директоры орынбасарының міндетін атқарушы Қайрат Мамырбаев.

 Ірі өңдеу ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жанынан 1500 бастан жоғары ірі қараны бордақылау бойынша  зәкірлі кооперация құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Демек шағын ауыл шаруашылығы өндірушілер ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындармен бірігуі жүргізіледі. Нәтижесінде   12 зәкірлі жоба: 4 – сүт бағытында, 7 – ет бағытында, 1 – бал шаруашылығында құрылды.

Зәкірлі жобалардың бірі – «Ықыбай» шаруа қожалығының 3 мыңдық бордақылау алаңы құрылды. Шаруа қожалығы Тарбағатай ауданы бойынша өз жанында 100 ірі қара бастан басталатын шағын кәсіпорындарды біріктірген. Шаруа қожалықтар Ресей мен Өзбекстанға ет экспорттау бойынша келісімшарттар жасаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер