«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО «қызыл аймақтан» шықты – бизнес жеңілдік алды

2020 жылғы 02 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
6369 просмотров

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жетекшісінің м.а. Талғат Тұңғышбаевпен бизнес қауымдастықтың кездесуі кезекті рет нәтижелі болды. Осыған дейін Талғат Тұңғышбаев қызмет көрсету, дене шынықтыру және спорт, азық-түліктік емес тауарларды сату салаларында жұмыс істейтін бизнестің өтініштеріне назар аударды. Осы жолы базарлар, моншалар, сауналар, шаштараз, сұлулық салондары жеңілдік алды.

 Желтоқсанның алғашқы күндері Шығыс Қазақстан тұрғындарын қуантты: өңір «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» ауысты. Монша бизнесінің өкілдері мен ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттің кездесуі барысында кәсіпкерлердің осы санатына жеңілдіктер қарастырылуы туралы айтылды.

 Кездесуден кейін бес сағат ішінде бизнестің ұсыныстары ескеріліп, олар ШҚО бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №25 қаулысында көрініс тапты:

  1. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы 07:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды.
  2. Риддер қаласы, Глубоковский ауданы және Алтай ауданында барлық базарлар – жабық нысанды, ашық алаңдағы базарлар – демалыс және мереке күндерінен басқа, 30%-дан артық емес толымдықта сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Қалған елді-мекендерде жексенбі мен мереке күндерін қоспағанда, нысандар ішіндегі барлық базарлар мен ғимараттардың сыртындағы азық-түлік емес базарлар әдеттегідей жұмыс істеуге құқылы.

  1. Азық-түлікке жатпайтын барлық сауда нысандары, ауданына қарамастан, жексенбі мен мереке күндері жұмысын тоқтата отырып, штаттық режимде жұмыс істейді. Алайда, кәсіпкерлер өздерінің сауда кеңістігінде адамдардың болу шектерін мұқият танысуы керек: мысалы, 50 шаршы метр алаңда  4 адамнан аспауы тиіс.
  2. Жабық нысандағы спорт объектілері де аптасына 6 күн  шаттық режимде жұмыс істей алады, жексенбі – демалыс.
  3. Монша және сауналары аптасына 6 күн  шаттық режимде жұмыс істей алады, жексенбі – демалыс.
  4. Шаштараз, сұлулық салондары, барбершоптар жексенді мен мереке күндерінен басқа алдын ала жазып алу арқылы  6 күн  шаттық режимде жұмыс істей алады.

Бұдан бөлек облыс аумағында 24 санитарлық бекет жұмыс істеп жатыр.

Қорытындылай келе, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастық атынан жергілікті атқарушы органдарына, атап айтқанда Талғат Кахарұлы Тұңғышбаевқа бизнестің талап-тілегін ескеріп, әрдайым құрылымды диалогқа дайын болып, кәсіпкерлерге мүмкіндігінше жағдай жасауға асығатынына алғыс білдіреді.

 

Фото: Webinfo.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер