«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс бизнесі 2021: жыл қорытындысы

2021 жылғы 27 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
7026 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев Шығыс Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастығы өкілдеріне 2021 жылдың қорытындысы туралы хабарлады. Бизнестің бірнеше жүйелі проблемалары шешілді, мыңдаған кәсіпкерге қолдау көрсетілді, ӨКП қызметте жаңа бағыттарды игерді.

– Қайрат Нұржанұлы, Шығыс Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы 2021 жылды қандай көрсеткіштермен аяқтап жатыр?

– 2021 жылдың 11 айында біздің өңірде кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 8,3 мың бірлікке өсіп, 95 мың бірлікті құрады. Бұл салықтық төлемдерден босату нәтижесінде бизнестің іскерлік белсенділігінің артуы, жеңілдікпен несиелеудің қолжетімділігі және карантин шаралардың жұмсаруымен байланысты. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша машина жасау және көлік салаларын қоспағанда, өнеркәсіп көлемінің тұрақты өсімі байқалды.

– Биыл отандық өндірістің дамуы қандай болғаны жайында айтып кетсеңіз.

– Пандемия кезеңінің қиындықтарына қарамастан отандық өндірушілер еңбекпен қызметтің жаңа бағыттарын игеріп, тауарлардың жаңа тізбектерін шығарып жатыр. Осылайша 2021 жылы экспорттық сертификат алушылардың қатары көбейді: егер былтыр 3 396 өтінім болса, бүгін 4 мыңнан асады. Тура сондай өсу СT-KZ сертификатына өтінімдерде байқалды: 2020 жылы 1 619 өтінім келіп түссе, 2020 жылдың соңына қарай 2 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл біздің кәсіпорындар көбірек өнім шығара бастағанын және экспорт көлемінің ұлғайғанын, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің өскенін көрсетеді.

Палата республикалық жобалық кеңсе аясында тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2021 жылы ШҚО аумағында жалпы сомасы 49,3 млрд теңгеге 284 жоба мақұлданды. Соның ішінде қаржы институттары 276 жобаны қаржыландырды. «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларының 8 саласы бойынша жергілікті қамтудың жалпы үлесі 79%-ды құрайды және осы көрсеткіш бойынша біздің облыс өңірлер арасындағы рейтингте бірінші орын алды.

Өңірімізде жеңіл өнеркәсіп саласында ШҚО білім басқармасымен бірлесіп, осы  жылы СТ-KZ сертификаты және мектеп формасы мен аяқ киім тігу бойынша индустриялық сертификаты бар 13 жергілікті тауар өндірушіге қолдау көрсетілді. Облыстық бюджеттен мемлекеттік тапсырысқа 1,3 млрд теңге бөлінді. Осы қаражатқа  әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған 44 мың жиынтық тігілді.

Кәсіпкерлер палатасының басты қызметі бизнес құқығын қорғау екені белгілі. Шығыс Қазақстан бойынша бұл бағытта жағдай қандай?

– ШҚО Кәсіпкерлер палатасы соңғы жылдары бизнес құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша өңірлік палаталар арасында көш бастап келеді. 2021 жылы бізге 377 өтініш келіп түсті, оның 336-сы оң шешілді. Жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге кәсіпкерлердің мүліктік құқығы қорғалды. 50 әкімшілік кедергі, оның ішінде республикалық сипаттағы 25 және жергілікті сипаттағы 25 кедергі анықталды. Мемлекеттік органдардан 75 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, бұл болашақта кәсіпкерлердің құқығын бұзуға жол бермеуге ықпал етеді.

Келіп түскен өтініштер құрылымында жер қатынастары мәселелері, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдар, салық салу, МӘСК шектеу шаралары, мемлекеттік сатып алу мәселелері басым.

– Оң шешілген өтініштерге тоқталып өтсеңіз.

– Егер бизнестің жүйелі мәселелері туралы айтатын болсақ, жыл басында біз прокуратура органдарымен бірлесіп, Өскемен қаласында сауда дүңгіршектерінің 8 иесі үшін жерді жалға алу шарттарын ұзарту мәселесін шеше алдық. Қалалық әкімдік ұзартудан бас тартты. Өскемен, Зайсан және Риддер қалаларындағы көшпелі сауда орындарын анықтау мәселесі шешілді, онда әкімдіктердің стационарлық емес сауда объектілеріне орын белгіленбегендіктен кәсіпкерлерге айыппұл салынуы мүмкін.

Мысалы жергілікті шенділер «Прииртышье_1» ЖШС-ын техникалық сипаттама шарттарын өзгертіп, мемлекеттік сатып алуға қатыстырмауға тырысқан. Соның нәтижесінде 23 адамнан құралған ұжым жалғыз табыс көзінен айырыла жаздады.  Бұл мәселеге қатысты ШҚО Прокуратурасы қадағалау актісін енгізді және ШҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан тексеру нәтижелері бойынша біздің дәлелдеріміз расталды – байқау қорытындысы дұрыс емес деп танылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Біз сондай-ақ «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына Шығыс Қазақстан облысының бизнес проблемаларын талдау нәтижесінде анықталған қазіргі тәуекелдерді ескере отырып, мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен өтініш жібердік.

– Палатада ауыл шаруашылығы саласындағы қандай мәселелер шешімін тапты?

– 2021 жылдың көктемінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен өткен кездесуде кәсіпкерлер ветеринариялық қызметтердің осал жабдықталуы, сондай-ақ тұстастай ветеринариялық қауіпсіздіктің төмен екенін көтерді.  Бұл мәселе түйткілді мәселелер тізіліміне енгізілді. Нәтижесінде бұл әрекет Қазақстандағы ветеринария саласын ауқымды реформалауға әкелді.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ-тың мәселесі  ӨКП-ға жүгіну жолымен шешілді, онда демалыс және мереке күндері электрондық шот-фактураларды куәландырумен тұрақты түрде кідірістер орын алған. Біз «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасадық. Бұл экспорттаушылардың қаржылық және уақыт шығындарының төмендеуіне алып келді. Енді ЭШФ демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, 3 сағат ішінде куәландырылуы тиіс.

  Шығыстағы агроөнеркәсіптік кешен туралы айтатын болсақ, 2021 жылы Семей қаласында қуаты тәулігіне 1000 тоннаны құрайтын май өңдеу кәсіпорын іске қосылды. Жыл соңына дейін Предгорное ауылында қуаты тәулігіне 1000 тоннаны құрайтын екінші зауытты іске қосу жоспарланған.

Бұл ретте ШҚО-да өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты көлемінің төмендеуі байқалады. Мұндай жайт  Қазақстан-Қытай шекарасының теміржол өткелдерінде шектеу іс-шараларының енгізілуі, Қазақстаннан күнбағыс тұқымдары мен күнбағыс майын әкетуге шектеу қойлуы, сондай-ақ жем-шөп дақылдарын экспорттауға толық тыйым салуға байланысты орын алған.

– Кәсіпкерлік бастамасы бар қанша азамат палатада тегін сервистік қызмет алды, қанша адам оқу курстарын аяқтап, жеке кәсіп ашты?

– Биыл күзде халық арасында танымал «Бастау Бизнес» жобасына 5 жыл толды. Осы жылдар ішінде ШҚО кәсіпкерлер палатасы 13 116 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытты. Олардың 25%-дан астамы кәсіп ашты. Жеңілдікпен несиелеуді 2 905 адам алды, 4 097 сертификат иесі грант алды. Биыл ШҚО бойынша 1 944 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыды.

Кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсетуге тоқталатын болсақ, осы жылдың 11 айы ішінде Өскемен және Семей қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары 1 400-ден астам қызмет көрсетті. Облыстың қалалары мен аудандарында кәсіпкерлік бастамасы бар кәсіпкерлер мен халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 2021 жылдың 1 желтоқсанына 14 570 қызмет көрсетілді.

– Ұйымыңыз 2021 жылда қандай жаңа бағыттарды игерді?

– Биыл мамарда жоба түлектеріне арнап, ШҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасының 51%-дық қатысуы және облыс әкімдігінің 49% қатысуымен «Oskemen-Atameken» МҚҰ құрылды. Ұйым жеңілдікпен несиелеу шарттарын ұсынады.

Микроқаржы ұйымында қала кәсіпкерлері үшін микронесиенің максималды сомасы 18,9 млн теңгеге дейін, қаладан тыс жерлерде – 7,292 млн теңгеге дейін сома белгіленген. Қандай да бір комиссиялар, алымдар және өзге де қосымша төлемдері жоқ МҚҰ сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды. Қалалық жобалар бойынша микро несие беру мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы жобалары бойынша – 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін.

Ұлттық қордан біздің облысқа 1,809 млрд теңге бөлінді. 27 желтоқсандағы жағдай бойынша МҚҰ несиелеуге 276 өтінім қабылдады, оның ішінде 197 жоба несие комитетінде қаралып, мақұлданды. 107 өтінім Аграрлық несие корпорациясына берілді, оның ішінде 89 жоба мақұлданды және 52 несие берілді.

– Биыл кәсіптік-техникалық білім беруде ілгерілеу бар ма?

– Палатаның тікелей қатысуымен студенттің кәсіпорында кәсіби практикадан өту кезеңі оның жұмыс өтіліне қосылуы тиіс деген мәселе талқыланып, оң шешімін тапты. Бұл кәсіби жолын енді бастаған адамдар үшін жақсы бастама.

ШҚО ӨКП атсалысуымен облыстағы кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарыда мемлекеттік тапсырысты бөлу үшін негіз колледждің материалдық базасы немесе кадр құрамы емес, сатып алуды кадрларға сұраныс болып отыр. Сонымен қатар, енді бизнестің болашақ мамандарын қайда оқытқысы келетіні туралы пікірі ескеріледі.

Қазіргі кезде Палатаның тізілімінде ШҚО бойынша 86 білім беру ұйымы тіркелген. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында өңірде қысқа мерзімді оқыту мақсатына 79 оқу орталығы құрылған.

2021 жылы ШҚО жұмыс істеп тұрған оқу орталықтарының базасында біздің жәрдемімізбен сұранысқа ие мамандықтарға оқыту бойынша қосымша 12 бағыт ашылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын реттеуші, сүт өнімдерін өндірудің автоматты желілерінің операторы, тепловоз машинисі және басқа мамандықтар бар..

Дуальді оқыту жүйесіне біздің өңірдің 341 кәсіпорны тартылды, бұл кәсіпорындармен  47 колледж кадрлар даярлауға 2 533 шарт жасады.

Мұндай сәтті мысалдар кәсіпкерлерді, кәсіпкер мүддесін ойлайтын бізді де ынталандыратыны сөзсіз. Сондықтан біз болашаққа сеніммен қарап, келер жаңа жыл бізді жақсы оқиғалар және өзгерістермен қуантады деп үміттенеміз. Ал біз өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысындағы бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту үшін барлық күш-жігерімізді саламыз. Өңіріміздің барша кәсіпкерлеріне келер жылы жемісті қызмет, жаңа табысты жобалар мен құт-береке тілеймін!

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер