«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әзербайжан кәсіпкерлері өңірлік палата жұмысымен танысты

2022 жылғы 03 Қазан
- Алматы қаласы
6103 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасының алаңында Әзербайжан кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Әзербайжандық Caspian Energy Club компаниясы өз қызметін Каспий-Қара теңіз және Балтық өңірлері мемлекеттерінің аумағында жүзеге асыратын (немесе ниеті бар) әлемнің 50 елінен 5000-нан астам компания мен ұйымдарды біріктіретін ірі және қарқынды дамып келе жатқан өңірлік ұйым.

 «Егер Әхербайжан нарығына шыққысы келетін Қазақстан бизнесінің өкілдері болса, біз оларға көмектесе аламыз. Егер қазақстандық кәсіпкерлердің нарықта проблемалары болса, бизнесті сүйемелдей аламыз. Еnergy for business атауымыз бизнеске көмек көрсету энергиясын білдіреді», – деді компания өкілі Телман Әлиев.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақеркін Ералиева қонақтарға «Атамекен» ҰКП қызметі туралы айтты.

«Ұлттық палата Қазақстандағы барлық бизнесті біріктіріп, билік пен бизнес арасында құрылымды диалог құрған ұйым. Украинадағы геосаяси жағдайға байланысты Қазақстан көрші елдердің тауарлары үшін транзитке айналды. Түркі елдері: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуде бірігуі керек. Бүгін біз Әзербайжан компаниялары үшін әлеуетті серіктестерді іздеу желісін дамыту туралы бірлескен іс-шаралар өткізуге келістік», – деп атап өтті Ақеркін Ералиева.

2021 жылы Әзербайжанға тауарлар импорты 11,7 млрд долларды құрады. Тауарлардың негізгі жеткізушілері Ресей (17,7%), Түркия (15,8%), Қытай (14%), Германия (5,4%) және Украина (4%). Әзербайжан кедендік статистикасының деректері бойынша Қазақстан Әзірбайжан нарығына тауарларды негізгі экспорттаушылар арасында тек 20-шы орында тұр.

2021 жылы Қазақстаннан импорт көлемі  95,4 млн долларды құрады, бұл ретте қазақстандық статистика бойынша ҚР-ның Әзірбайжанға экспорты 2021 жылы 287,9 млн долларды құрады, деп хабарлайды Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) сарапшысы.

2022 жылдың 6 айында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 3,1 есеге өсті – өзара сауда 1 194,1 млн (өсім 3,5 есе) құрады, оның ішінде РК 155,4 млн ҚР-дан экспорт, қалғаны РК 38,7 млн-ҚР-ға импорт (өсім 2,2 есе).

Кездесу барысында тараптар Energy for business компаниясы Алматы кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі бастамаларын қолдайтынын келісті. Компания өкілдері «Әйелдер бизнесі» форумына қатысады.

 Анықтама үшін:

Caspian Energy Club 2002 жылдың маусымында құрылған. Компанияның негізгі мақсаттары:

-CEO Lunch, бизнес-форумдар, дөңгелек үстелдер, салалық комитеттер және жұмыс топтары ұйымдастыратын бизнес-билік (B2G) диалогына белсенді қатысу;

- Шетелдік және жергілікті бизнес өкілдерінің проблемалары мен ұсыныстарын жүйелі зерделеу және бұл ақпаратты елдің жоғары басшылығына, оның ішінде Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент және экономикалық блокқа жетекшілік ететін мемлекеттік құрылымдардың өкілдеріне жеткізу;

-компаниялар, сондай-ақ олардың тауарлары мен қызметтерін Каспий-Қара теңіз және Балтық аймағына және одан тыс жерлерге ілгерілету;

-қолайлы инвестициялық және бизнес-ахуалды құруға ықпал ететін жобаларды ақпараттық деңгейде қолдау және ілгерілету, сондай-ақ экономиканың барлық секторларында цифрлық экономиканы, инновациялық және экологиялық таза технологияларды енгізуге лоббизм жасау;

- шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға, сондай-ақ ШОБ пен ірі бизнес өкілдері арасында диалог құруға ықпал ететін түрлі ақпараттық жобаларды іске асыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер