«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО кәсіпкерлер палатасы Глубокое ауданының бизнес-қауымдастығымен көшпелі кездесу өткізді

2023 жылғы 01 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
6982 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы еәсіпкерлер палатасының басшылығы, прокурор мен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Глубокое ауданының бизнес субъектілерімен көшпелі кездесу өтті. Кәсіпкерлер өз сұрақтарына жауап алды, палата мен прокуратура жекелеген мәселелерді жұмысқа алды.

 

28 ақпанда Глубокое кентінде ШҚО ПП директоры Қайрат Мамырбаев, ШҚО кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілі Әлия Мұқашева, Глубокое ауданының прокуроры Думан Жексекенов, ШҚО ПП Глубокое ауданы филиалының директоры Эльвира Миябаева, Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері бизнестің проблемалық мәселелерін қарау мақсатында кәсіпкерлік қоғамдастықпен кездесті.

ӨКП басшысы бизнес субъектілеріне «Атамекеннің» қызметі, мақсаттары мен міндеттері айтып, бизнестің Ұлттық палатаның аудандық және облыстық филиалдарында қандай қызметтер ала алатынын хабарлады.

«Біз бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейміз. Бізде жобаларды сүйемелдеумен айналысатын жеке экономикалық блок бар. Мысалы, егер Сіз мемлекеттік бағдарлама бойынша несие рәсімдесеңіз, гранттық қаржыландыруға өтінім берсеңіз, мүмкін қандай да бір жабдықты іздесеңіз, сондай-ақ бизнесіңізді дамытудың басқа да мәселелері бойынша бізге хабарласа аласыз. Мұның бәрі экономикалық блокта әр кәсіпкермен жеке-жеке қол режимінде жүзеге асырылады. Жұмыстың негізгі бағытты  құқықтық блокт іске асырады. Өткен жылдан бастап біз жұмыс форматын аздап өзгерттік, қазір кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері бойынша құқық қорғау және бақылау-қадағалау органдарымен белсенді ынтымақтасып келеміз», – деді Қайрат Мамырбаев.

ӨКП директоры тауарларды сертификаттау бөлімі, ӨКП адами капиталды дамыту бөлімі және ШҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы туралы айтты.

2023 жылы өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы облыстың қалалары мен аудандарында бизнеспен көшпелі кездесулер өткізу туралы шешім қабылдады. Онда жергілікті жерлерде мемлекеттік органдармен бетпе-бет келіп, кәсіпкерлікті дамытудың түйткілді мәселелерін шешу жолдарын бірлесіп іздестіруге болады. Мұндай кездесулер Риддер мен жаңадан құрылған Самара ауданында өтті. Кәсіпкерлер көтерген кейбір мәселелер жергілікті атқарушы органдар мен прокуратураның жедел әрекет етуі арқылы өз шешімін тапты.

ШҚО бизнес-омбудсменінің өкілі, ШҚО ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева «бизнесті қорғау экожүйесі» шеңберінде палатаның қадағалау және бақылау органдарымен өзара іс-қимылының жаңа форматы туралы айтты.

«Мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта біз бизнес мәселелерін тиімдірек шешеміз. Мәселен, қазіргі кезед біз бизнес субъектілерін тікелей эфирлер, түсіндіру кездесулері, дөңгелек үстелдер, жеке қабылдау өткізу бойынша бірнеше жобаны іске асырып жатырмыз: бұл облыстық соттардағы «Сіздің құқығыңыз» жобасы, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Бизнеске жол!» жобасы, ШҚО Экономикалық тергеу департаментімен «Адал бизнес» жобасы, ШҚО прокуратурасымен «прокурор сағаты» жобасы және басқалар. Сіздерді осы жобаларға қатысуға, бақылау-қадағалау органдарының өкілдеріне, соның ішінде ZOOM қосымшасы арқылы онлайн-форматта өз сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз», – деп шақырды Әлия Мұқашева.

Кездесу барысында Глубокое ауданының кәсіпкерлері спикерлерге «Ертіс» ӘКК несиелерін алушылардың ортақ жауапкершілігінен шығу, алкоголь өнімін өндіру үшін штрих-код алу, аудандық прокуратура жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильдік топтың жұмысы, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттық қаржыландыру шарттары, кенттерді сумен жабдықтаудағы үзілістер және т. б. қатысты сұрақтар қойды.

«Біз қазір аудан бойынша кәсіпкерлік картаны әзірлеп жатырмыз, яғни әрбір ауыл бойынша тізім жасап, әрбір ауыл мен ауылдық округте қандай проблемалар бар екенін білетін боламыз. Құқықтық салада кәсіпкерлермен өте тығыз жұмыс істеуге дайынбыз, өйткені бұл Президенттің және Бас прокурордың тапсырмасы, біз бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауға тырысамыз», – деді аудан прокуроры Думан Жексекенов және кәсіпкерлерге проблемалар туындаған жағдайда оған тікелей жүгінуді ұсынды.

Кәсіпкерлер көтерген барлық мәселені ШҚО кәсіпкерлер палатасы және оның аудандық филиалы бақылауға алды. Глубокое кәсіпкерлерімен келесі кездесуді Белоусовка кентінде өткізу туралы шешім қабылданды, онда 100-ден астам бизнес субъектісі бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер