«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы ӨКП жанынан Білім және денсаулық сақтау жөніндегі кеңес құрылды

2024 жылғы 27 Қараша
- Алматы қаласы
256 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Кеңес 28 кәсіпкер мен сарапшыны біріктірді. Олар жүйелерді жаңғыртуға жәрдемдесетін, білім беру мен денсаулық сақтауға қатысты заңнаманы жақсарту жөнінде ұсыныстар қалыптастыратын, халық үшін қолжетімді қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жобаларға бастамашылық жасайтын болады.

Бұл жолдағы маңызды басымдықтар инфрақұрылымды дамыту, кадрлардың біліктілігін арттыру, инновациялық шешімдерді енгізу, сондай-ақ халықтың барлық топтары үшін білім беру және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып қала береді.

«Біздің ортақ мақсатымыз – бизнесті қолдау және саланың жұмысын жақсарту. Денсаулық сақтау және білім беру - қиындықтар көп кездесетін салалар. Біздің блок адамдармен, денсаулықпен, болашақпен, балалармен тығыз байлансысты, сондықтан кеңес адами капиталды дамытуда маңызды», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Ақеркін Эралиева.

                          

Кеңес бизнес қажеттіліктеріне бағытталған заманауи бағдарламаларды енгізуге жәрдемдесетін болады. Бұл цифрлық, инженерлік, медициналық және басқа да негізгі салалардағы дағдыларды дамытуды қамтиды. Бірінші отырыс барысында тұрақты құрам айқындалып, төрайым сайланды. Мүшелер денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшы Эльмира Әуезованың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.

                         

«Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жеке бизнес заңнамада жиі қақтығыстарға тап болады. Кеңестің құрамына тек өз кәсібінде ғана емес, бизнесте де тәжірибесі бар жоғары білікті, кәсіби мамандар кіргеніне өте қуаныштымыз. Біздің міндетіміз - халыққа жақсы балама құру және туындайтын барлық сын-қатерлерді барынша тиімді шешу үшін кеңесті мемлекеттік құрылымдармен нақты өзара іс-қимылға қол жеткізуде тиімді құралға айналдыру. Өз тарапымнан кеңестің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуі үшін бар күшімді саламын», - деп сендірді Эльмира Әуезова.

                                   

Сондай-ақ, отырыс барысында Кеңес мүшелеріне өңірлік кеңеске сайлау қалай өтетіні түсіндірілді. Алматы қаласы ӨКП жанынан 10 салалық Кеңес құрылды. Солардың әрбіруінен 2 делегаттан және аккредиттелген қауымдастықтардан бір делегаттан ұсынылатын болады. Өңірлік кеңес Үкіметтің, бизнес-омбудсменнің араласуын немесе қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіруді талап ететін неғұрлым күрделі мәселелерді шешетін кеңесші орган. Яғни, оның құзыры бір саты жоғары. Демек, оның құрамына ең белсенді, бизнес пен қоғамның дамуына шын жанашырлық көрсететін тұлғалар кіретін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер