«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанда вокзалдарды жаңғырту және әуежайлар салу: ОТӨ-дан ұсыныстар жинау басталды

2025 жылғы 25 Шілде
1481 просмотров

Вокзалдарды реконструкциялау және жаңа әуежайлар салу жөніндегі жоспарлар туралы бұрын жарияланған ақпаратты жалғастыра отырып, «Атамекен» ҰКП-да бизнес, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Өңдеу өнеркәсібі Комитетінің отырысы өтті. Кездесудің тақырыбы отандық тауар өндірушілердің инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуы, сондай-ақ, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда теміржол вокзалдарын қайта құру және жаңғырту бойынша жоба басталған болатын. Жоба шеңберінде 250 млрд теңгеге 125 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның 21 вокзалы толығымен қалпына келтіріледі. Авиациялық инфрақұрылымға келетін болсақ, «Қазаэронавигация» РМК 2026 жылға дейін іске асыру кезеңділігімен Кендірлі, Зайсан және Катонқарағай әуежайларын салу жоспарларын жариялады. Бірінші кезеңде инженерлік желілер, содан кейін аэродром бөлігі, навигациялық элементтер мен терминалдар салынады. «Қазақстан темір жолы» ҰК өкілінің айтуынша, вокзал шаруашылығы объектілерін қайта жаңарту 2025 жылдың соңына дейін жүргізілетін болады, онда қазақстандық қамтудың кемінде 70% міндетті шарты бар. Келісімшарттар жобалаудан бастап жұмыстарды толық орындауға дейінг іске асыруды көздейді.

Сатып алу процесі EPC-келісімшарт моделі бойынша мердігерлік ұйымдар арқылы жүргізілетін болады: алдымен ҚСҚҚК (Қазақстанның сәулет-қала құрылысы кеңесі) кодтарына байланыстыра отырып ЖСҚ әзірленеді, содан кейін сатып алу жүргізіледі. Алайда, бизнес өкілдері алаңдаушылық білдірді, яғни, бұрынғы тәжірибеде ұқсас схема отандық тауарлардың басымдықтарына қарамастан импорттың айтарлықтай өсуіне әкелді.

«Отандық өндірушілерді ақпараттандырудың кешігуі олардың ерте кезеңдерге қатысуын қиындатады», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа Комитетінің хатшысы Магеррам Магеррамов.

Сондай-ақ, Қазақстан Халықтық партиясы фракциясының басшысы бұл мәселе фракцияның бақылауында болатынын жеткізді.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Өңдеу өнеркәсібі Комитетінің төрағасы Қанат Ибраев алдыңғы тәжірибеден сабақ алып, барлық тараптардың өзара іс-қимылын жолға қою қажеттігін мәлімдеді.

«ОТӨ ұсыныстары болған кезде импорттық өнімдер жиі пайдаланылғанда  «Жайлы мектеп» жобасындағыдай жағдайдың қайталануына жол бермеу маңызды. ӨКП алаңдарында салалық кеңестер мен мердігерлердің қатысуымен диалогты жалғастыру қажет», - деп ол.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры – Өңдеу өнеркәсібі департаментінің  директоры Алмат Асқар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қазаэронавигация» РМК тарапынан инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жоспарлау, болжау және іске асыруда ашықтықты қамтамасыз ету қажеттігін тағы да еске салды.

«Атамекен» ҰКП кездесу қорытындысы бойынша отандық тауар өндірушілерге шығарылатын өнім және жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы мәліметтерді жинау үшін бірыңғай форма жіберілетін болады. Деректер өңірлік палаталар мен салалық кеңестер арқылы шоғырландырылады, содан кейін орталықтандырылған түрде «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазаэронавигация» РМК-ға беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер