«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП мен Бас Прокуратура кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғады

2025 жылғы 25 Шілде
1076 просмотров

«Атамекен» ҰКП Бас Прокуратурамен бірлесіп, палата қызметінің негізгі басымдығы болып табылатын бизнес-қоғамдастықтың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда. Мұндай өзара іс-қимылдың тиімділігі 2025 жылғы 19 маусымда Бас Прокуратура алаңында құқық қорғау органдары мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңесте расталды. Кеңес аясында кәсіпкерлердің 14 өтініші қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша үш қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылданды.

Қалған өтініштер бойынша ұсынылған қорғау дәлелдерін ескере отырып, түпкілікті іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы тапсырмалар берілді. Мұндай нәтижелерге Бас Прокуратураның 1-ші Қызметінің белсенді ұстанымының арқасында қол жеткізілді, оның көмегімен бизнесті негізсіз қылмыстық қудалау тәуекелдерін азайтуға бағытталған нәтижелі ведомствоаралық өзара іс-қимыл құрылды.

«Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы тікелей диалог тәжірибесін құптайды және оны кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың, олардың құқықтық қорғалуын арттырудың және мемлекет институттарына деген сенімді нығайтудың тиімді құралы деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер