«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасына ауыл шаруашылығы қожалығынан алғыс хат жолданды

2025 жылғы 01 Қазан
- Ақтөбе облысы
218 просмотров

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұловтың атына Ойыл ауданындағы «Даурен-Ж» шаруа қожалығының басшысы Гүлбарша Кошкарова алғыс хат жолдады.

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының берік тірегі. Бүгінде ауылда мал, құс, бақша шаруашылығын өркендетіп, елге ырыс әкеліп отырған кәсіпкерлер аз емес. Олардың қатарында ауылдастарына жұмыс орындарын ұсынып отырған шаруашылықтар да бар.
Алайда ауыл кәсіпкерлері түрлі қиындықтарға да тап болып жатады. Гулбарша Кошкарова өз хатында осыны атап өтіп, мәселенің оң шешілуіне ықпал еткен палатаға ризашылығын білдірді:

«Отағасымыз дүние салғаннан кейін шаруашылықты жүргізу оңайға түскен жоқ. Енді шаруаны қолға алғанымызда, Ақтөбе облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің бас инспекторы жер учаскесіне шектеу қойып, біраз әбігерге салды. Сол кезде Ойыл аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Жасұлан Ержанов тиісті орындармен байланысып, мәселенің шешілуіне ықпал етті. Осыған орай, шалғайдағы шаруаның сөзіне құлақ асып, қолдау көрсеткен азаматтарға зор алғысымызды білдіреміз», – делінген хатта.


Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта да ауыл кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғап, олардың ісіне қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174