«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Болашақ - шеберліктің еншісінде: Шу ауданының түлектері жұмысшы мамандықтарымен танысты

2025 жылғы 01 Қазан
- Жамбыл облысы
308 просмотров

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Шу аудандық филиалы «Шу колледжі №10» КМҚК-мен бірлесіп, ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 9 -11 сынып түлектеріне арналған маңызды кәсіптік бағдар беру іс-шарасы - «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.

«Бұл іс-шараның басты мақсаты - жоғары сынып оқушыларын жергілікті еңбек нарығында қазіргі таңда аса сұранысқа ие жұмысшы мамандықтармен таныстыру және оларға саналы кәсіби таңдау жасауға көмектесу болды», - деді Шу аудандық филиалының директоры Рауан Иса.

Іс-шараның негізгі ерекшелігі - жұмысқа Шу ауданының белгілі кәсіпкерлерінің белсенді түрде тартылуы. Өндіріс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларының жергілікті бизнес өкілдері болашақ түлектермен кездесулер өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті, жас мамандарға қойылатын талаптар мен жұмыс перспективалары туралы айтып берді. Бұл кездесу оқушыларға еңбек нарығының қазіргі жағдайы туралы нақты түсінік алуға мүмкіндік берді.

Іс-шараға Т. Рысқұлов, Домалақ ана, Макаренко атындағы және басқа да бірқатар мектептердің түлектері қатысты. «Ашық есік күні» аясында барлық қатысушылар үшін №10 колледждің оқу-өндірістік базасы бойынша толыққанды экскурсия ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арнайы шеберханалар мен зертханаларға барып, аспасшы, тігінші, ауыл шаруашылығы маманы және шаштараз сияқты мамандықтар бойынша практикалық сабақтарды өз көздерімен көріп, оқу процесін бақылап, заманауи жабдықтармен танысты.

«Мұндай іс-шаралар жастардың дұрыс кәсіби бағдар алуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге білім беру жүйесі мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. Бұл дуальды оқытуды дамытудың және өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз етудің негізі болып табылады», - деп сөзін қорытындылады Рауан Иса.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174