astana-view

Департаменттер

Мұнай-газ секторы және экология департаменті

Маханов Мұратбек Мамытханұлы

Басқарушы директор – Департамент директоры

8 (7172) 270451 (вн. 2144)

Мұнай-газ секторы және экология департаменті (бұдан әрі – Департамент)  «Атамекен» ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшесі. Департамент қызметінің бағыттарына мұнай-газ өнеркәсібі және экология (экологиялық реттеу және бақылау, қалдықтарды басқару, парниктік газдар, «жасыл» технологияларды дамыту және қаржыландыру) мәселелері кіреді.

Департамент «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай – газ өнеркәсібі және Экология комитетінің (бұдан әрі – Комитет) жұмыс органы болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары:

  • салалық комитеттердің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
  • жетекшілік ететін салалық бағыттардағы түйінді мәселелерді шешу бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған пікірін (ұстанымдарын) әзірлеу;
  • жетекшілік ететін салалық бағыттарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • жетекшілік ететін салалық бағыттардағы мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
  • жетекшілік ететін салалық бағыттарда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер