ШҚО кәсіпкерлер палатасында жұмыс кестесі өзгертілді
7 сәуірден бастап ұйым жаңа режимге көшті. Енді жұмыс күні сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін болады.
Облыс аудандарындағы кәсіпкерлер палатасының филиалдары да жаңа жұмыс кестесіне көшуде.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарындағы бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер де жұмыс уақытын өзгерткен.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: