«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2,6 млрд теңгеге дейін өсу: бизнес пен ҰКП бастамасы бүкіл саланы қалай жандандырды

2025 жылғы 29 Шілде
885 просмотров

А3 және А4 форматындағы кеңсе тауарлары, орауыштар мен қағаздар шығаратын кәсіпорындар тоқтап қалудан шығып, ақыры өндіріс көлемін ұлғайта бастады.

Кеңсе қағазын өндірушілер бизнес пен ҰКП бастамасымен мемлекеттік сатып алуларда нақты нәтижеге қол жеткізді.

Ресми деректерге сәйкес, A3 және A4 кеңсе қағазын ұлттық режимнен шығару туралы қаулының қолданылу жылы ішінде қуаттарды жүктеу 5,4% - дан 67,3% - ға дейін өсті, ал өндіріс көлемі 209 млн теңгеден 2,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Бұл шара ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 қазандағы №904 Қаулысымен 2 жыл мерзімге енгізілді. Бизнестің және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының үйлестірілген ұстанымының арқасында кеңсе қағазы мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнің шарттарына уақытша енуді тоқтатты. Бұл тауашаны соңғы уақытқа дейін үстемдік еткен импорттан босатуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ОТӨ-ны қолдау және табысты нығайту үшін Қаулының қолданылуын 2027 жылға дейін ұзарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Палатаның Өңдеу өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Гүлмира Қажыбекова атап өткендей, ұлттық режимнен алу аталмыш шараның бүкіл сала үшін драйвер бола алатындығының мысалы болып табылады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер